Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жерүсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулері белгiленедi.

 

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14089333

Дата публикации
09 января 2023