Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2021 жылғы атқарған жұмыстары
туралы ЕСЕБІ
Су шаруашылығы бойынша:
Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 224 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымында №57 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына жалпы құны 12,3 млрд. теңгені құрайтын 192 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және елді мекендерге 43 дана насос қондырғыларымен қамтамасыз ету шарасы енгізілді.
Бұл ретте, жоспарға сәйкес 2021 жылы 10 каналға (Қызылорда қаласында «Жаппар», «Сол тармақ», Арал ауданы, Ақирек ауылдық округіндегі «Шолақарық», Қазалы ауданында «1-5Д», Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі «Пітеген арық», Жаңадария ауылдық округіндегі «Мүлкілән», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2», Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-3», Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Қыркеңсе») су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге 429,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстардың нәтижесімен барлығы, ұзындығы 69,0 шақырым канал тазаланып, олардың бойындағы 28 дана гидротехникалық құрылыстар салынды.
Нәтижесінде, елді мекендер аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп, 1799 гектар түрлі бау-бақша, көкөніс дақылдарын егуге және 3090 гектар жайылымдық, шабындық жерлермен егістік жерлерді суландыруға жағдай жасалды.
Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, 43 дана насос қондырғысы облыстық бюджеттен сатып алынды (Арал ауданының Ақирек, Бекбауыл, Жаңақұрылыс, Қазалы ауданының Аранды, Арықбалық, Қармақшы ауданының Ақжар, Көмекбаев, Жалағаш ауданының Жаңаталап, Шаменов, Аққұм, Сырдария ауданының С. Сейфуллин, Бесарық, Жетікөл, Шиелі ауданының Керделі, Тартоғай, Ақмая, Талаптан, Жаңақорған ауданының Қожамберді, Байкенже, Сүттіқұдық, Төменарық, Екпінді, Қызылорда қаласының Қосшыңырау, Қызылжарма, Белкөл, Қызылөзек, Қарауылтөбе ауылдық округтеріне және «Табиғат» кәсіпорны).
Суармалы жерлер бойынша:
Суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар, пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру (ПУИД-2, ПУИД-3) жобалары.
Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о) 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге. Аталған жоба бойынша 2019-2020 жылдары бөлінген 3,1 млрд.теңгеге 2 868,3 шақырым су жүйелерінің 441 шақырымы (15,3%) тазаланып, 14 535 дана су құрылыстарының 2555-і (18%) салынды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарына 1,5 млрд. теңге бөлініп, 1011 шақырым (74 %) су жүйелері, 299,7 шақырым (91%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 4994 дана (34 %) су құрылыстары, 39 дана (26%) бақылау ұңғымалары салынды.
Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізетін болады.
«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін Қызылорда облысының аумағында 21 каналды қайта жаңарту, сондай-ақ 30 магистралды және шаруашылық каналдарды цифрландыру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
2025 жылға дейін суармалы алқаптарда су үнемдеу технологияларын енгізу жөнінде Қызылорда облысының Жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні облыста 251 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі қолданылса, Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 45 мың гектар жерге ылғал үнемдеу әдісін қолдану жоспарлануда.
САРАТС-2 Жобасы:
Дүниежүзілік банк «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп, 2021 жылдың 1 шілдесінде Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды. Гранттың жабылу мерзімі 2022 жылғы шілде.
Қазіргі таңда, жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсатында іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің 2021 жылғы 24 сәуірдегі Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысымен берілген тапсырманы орындау мақсатында 2021 жылы облыстық бюджетті нақтылау барысында «Арал ауданындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдері жүйесін суландыру үшін Аманөткел ауылының тұсында су торабын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 12,3 млн.теңге бөлініп, ТЭН әзірленді. Ағымдағы жылы аталған жобаның ТЭН-ін мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемсараптамадан өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, 2021 жылы республикалық бюджет есебінен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан апаттық жағдайда тұрған «Қызылорда», «Әйтек» су торабтарын қайта жаңғырту жұмыстары басталып, «Әйтек» су торабына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда су торабын қайта жаңғырту жұмыстарын іске асыруды жалғастыру үшін 2022 жылы республикалық бюджеттен 1 311 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жыл.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Нәнсай-Көксу, Шиелі-Телікөл және Жаңадария-Қуаңдария суландыру жүйелерінде су қоймасын салудың техника экономикалық негіздемелері әзірленіп, ағымдағы жылы аталған жобалардың ТЭН-ін мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына қаржы қаралып, мемсараптама қорытындысын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, 2021 жылы республикалық бюджеттік комиссиясының
2021 жылғы 5 қазандағы шешімімен «Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 10,7 млн. теңге бөлінді. Мемсараптама РМК-мен 14.12.2021 жылы №01-2060 келісім шартқа отырылып, мемсараптаманың қарауына енгізілді. Мемсараптама қорытындысы 2022 жылдың ақпан айында алынады деп күтілуде.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында республика бойынша 9 су қоймасын салу тапсырылды. Соның ішінде, Қызылорда облысы бойынша 775 млн.текше метр тасқын су жинайтын Қараөзек арнасындағы су қоймасын салу енгізілген. 2020 жылы республикалық бюджеттен 62,4 млн.теңге бөлініп, жобаның ЖСҚ әзірленді. Ағымдағы жылдың қазан айында 2021 жылға респубкалық бюджетті нақтылау барысында жобаның ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізуге 0,36 млн.теңге бөлінді.
Аталған жобалардың бюджеттік бағдарлама әкімшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстар комитеті болып табылады.
Балық шаруашылығы саласы бойынша:
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.
Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 185 көл конкурстық негізде 5-10 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 22-і (Қызылорда-2, Арал-2, Қазалы-3, Жалағаш-3, Сырдария-1, Шиелі-9, Жаңақорған-2) резервтік қорда.
Облыста 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды,олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың.тонна. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады.
Балық аулау лимиті:
01.07.2020 – 30.06.2021 жылы мерзім аралығына облысқа Ауыл шаруашылығы министрілігімен 7501,9 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6872,41 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
01.07.2021-30.06.2022 жыл аралығында облысқа 7982,8 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6937,43 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
Бүгінгі күні, облыс аумағынан балық өнімдерінің 18 түрі ауланады.
Балық аулау:
2020 жылы 8855 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
134 млн.теңге қаржы түсірілді.
2021 жылы 7364 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
152 млн.теңге қаржы түсірілді.
Балық өңдеу және балық өнімдерінің экспорты:
2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды.
2021 жылы 3911 тонна балық шет елдерге экспортталды (Ресей – 2927,5 тн, Польша – 275,4 тн, Литва – 145,9 тн, Нидерланды – 31,7 тн, Грузия – 246,7 тн, Германия –192,9 тн, Украина – 39,9 тн, Қырғызстан – 2,0 тн, Австрия – 20 тн, Әзірбайжан – 20 тн ).
Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталады.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
2017 жылдан 2020 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 535 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды және оның көлемі 16 пайызға артты (130 тоннадан 155 тоннаға).
Облысымызда көл-тауарлы балық шаруашылықтармен 2021 жылы көл-тауарлы балық көлемі 184 тоннаға жетті.
2021 жылы облыстық бюджет (30,6 млн.теңге) есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме (39 КТБШ – 22,8 млн. теңге және 12 ШБШ – 7,8 млн.теңге) әзірленді. КТБШ-ге ауыстырылатын су айдындарға 15.12.2021 жылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынды және биологиялық негіздемелер табиғат пайдаланушыларға таратылуда. Табиғат пайдаланушылар тарапынан қала және аудандардың әкімшіліктеріне құжаттар ұсынылып, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен конкурстық комиссияға ұсынылуда.
Сонымен қатар, 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау (2,45 млн.теңге) жұмыстары жүргізілді және 19 көлді тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында, гидротехникалық құрылыстар салудың жобалау құжаттары әзірленуде (16,2 млн.теңге).
Балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың
30%-ын субсидиялау көлемі 8,4 млн.теңгеге ұлғайтылып 5,46 млн.теңгесі игерілді («Ислам» ШҚ.)
Жануарлар дүниесі:
Қызылорда облысы аумағында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын
41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 24 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бектіліп берілді, 17 аңшылық алқап резервте тұр.
2021 жылы басқарманың әзірленуімен «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы толық аяқталып, іске қосылды.
2021 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1,4 млн. теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша азықтандыру мақсатында жем-шөп шашу, асту аншлаг орналастыру, тұз шашу, және жабайы жануарлардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылды.
2021 жылға жыртықш аңдардың санын реттеу мақсатында 75 қасқыр, 869 шибөрі атылды.
Орман шаруашылығы:
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
6,5 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,5 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.
Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 562 қызметкерлер жұмыс жасауда.
2021 жылдың көктем айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1 000 га (1 800 мың дана) сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен 36,1 мың га (механикалық себу 19,9 мың га, табиғи өсіп-өну 16,2 мың га), Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті тарапынан 64,3 мың га (механикалық себу 52,6 мың га, табиғи өсіп-өну 11,7 мың га).
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 114 га орман тұқымбақтары ұйымдастырылды.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, есептік кезеңде толық орындалды. Нәтижесінде 11,1 мың га ауру ошақтары анықталды.
2020 жылдың маусым айынан бастап 7 орман (Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) мекемесіне қарасты 5,2 млн. га орман қоры жерлеріне далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілсе, 2021 жылы қалған 2 орман (Қармақшы, Қызылорда) мекемелерінің 1,4 млн. га орман қоры жерлеріне маусым айынан басталып, бүгінгі күні, толық аяқталды.
Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 267 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 37 жағдайы анықталды.
Табиғатқа 308,6 мың теңге зиян келтіріліп, оның 243,1 мың теңгесі өндірілді. 259,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (31.03.2021 жылғы №27-5-6/48) бұйрығымен Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымы 1 сәуірден басталып, 15 қарашада аяқталды.
2021 жылғы 16 наурызда 2021 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылды.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі (биылғы жылы облыстық бюджеттен 2 дана өрт сөндіру автокөлігі алынды) мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.
Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 2 610 дана ескерту хаттар таратылып, 265 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 29 рет мақалалар жарияланды.
Облыс бойынша 2021 жылы өрт қауіпі бар маусымы басталғаннан бері жалпы көлемі 649,34 гектарды құрайтын 12 орман өрт дерегі тіркелді. Оның ішінде орманды алқап 219 га болса, ормансыз алқап 430,34 га.
Орын алған өрт жағдайынан табиғатқа келген залалдың көлемі 100,7 мың теңге құрайды. Оның ішінде, орман өртіне кінәлі 2 тұлға (Қазалы) анықталып, оларға 43,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Қалған 9 өрт жағдайы бойынша шығу себебі мен кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында жинақталған тиісті материалдар қалалық және аудандық полиция бөліміне жолданды.
Тұрмыстық қатты қалдықтар басқару:
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда.
1-ші. Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру:
Жалпы облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.
Есепті кезеңде жинақталған 116,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 22,8 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 19,6 % құрайды.
2-ші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту:
Облыс тұрғындарының 70,8 % тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
Анықтама ретінде:
Облыс бойынша 9 030 контейнер орнатылған, 221 дана арнайы техника қызмет көрсетеді.
3-ші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:
Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі күні, облыстағы 145 полигонның 7-і (немесе 5%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.
Соңғы 3 жылда облыста 1,4 млрд. теңгеге жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының (Қызылорда, Арал қалалары) құрылысы жүргізілсе, соның 650 млн. теңгесі жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты.
Ағымдағы жылы 3 ауданда (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 901,6 млн. теңге құрайды (Жалағаш -342,8 млн., Сырдария 223,8 млн. және Шиелі-335,0 млн.).
Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы:
Басқарма бойынша 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
2021 жылдың 12 айынды барлығы 1696 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы – 1696 (100%) қызмет көрсетілген.
Атап айтсақ:
Республикалық бюджетке 149 млн. 438 мың теңге түсті.
Облыстық бюджетке 6 млн. 285 мың теңге түсті.
2021 жылдың 12 айында 181 қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Ашық отырыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулар саны 97 және сауал нысанында рәсімделген қоғамдық тыңдаулар саны 5 және жария талқылау нысанында қоғамдық тыңдаулар саны-79.
Графа эмисии
|
№ |
Атауы |
2021 ж жоспар (млн. тн) |
2021 ж нақты (млн. тн) |
|
1 |
2021 жылы экологиялық төлемдерден түскен қаржы |
2 674,1 |
2 693, 0 |