Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесіне 2020 жылы 254 001 «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 101 808 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына оның 101 686,8 мың теңгесі яғни, 99,88 пайызы игеріліп, жыл соңында үнемделген қаржы 121,2 мың теңгені құрады.
Бөлінген қаржы басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен штаттан тыс қызметкерлеріне еңбекақыларын, еңбек демалысы ақыларын, өтемақы төлемдерін өтеуге, әлеуметтік салықтарын, әлеуметтік аударымдарын төлеуге, басқарма жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеңсе тауарларын сатып алу мен көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, аппарат қызметкерлерінің ел ішіндегі іссапар шығындарын өтеуге жұмсалды.
Игерілмеген 121,2 мың теңге жыл көлеміндегі үнемделген қаржы есебінен қалыптасқан.
2020 жылдың 12 айында 86 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру мемлекеттік қызметі көрсетілді, оның ішінде қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 86 өтініш келіп түскен.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 12 айында 771 табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру мемлекеттік қызметі көрсетілген.
Оның ішінде қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 771 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.
2020 жылдың 12 айында 71 қоғамдық тыңдау өткізілді. Ашық отырыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулар саны - 51 және сауал нысанында рәсімделген қоғамдық тыңдаулар саны - 20.
254 002 «Су қорғау аймақтары мен су обьектілері белдеулерін белгілеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы 4 319,3 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін қаржы толық игерілді, яғни игерілу пайызы 100 пайызды құрады. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында қала және барлық аудандар бойынша 26 көлге су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобасы бойынша 67 су қорғау белгілері орнатылды.
254 003 «Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға бөлінген 28 376,6 мың теңге көлеміндегі қаржы жыл соңына толық көлемде 100 пайыз игерілді. Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, Арал ауданы Бөген ауылдық округіндегі Көкіш (Сағымбай) су шаруашылығы нысанының төлқұжаттарын әзірлеу жұмыстары мен Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округінде Қарақ және Қоңыраулы учаскелерінде су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жобалау-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілді.
254 004 «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 15426 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін игеру көлемі 15425,9 мың теңгені құрады, яғни игерілу пайызы 100 пайызды құрады. Бұл бюджеттік бағдарлама бойынша Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Ақарық» каналын бетондау жұмыстары жүргізілді.
254 005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 215 146 мың теңге бөлініп, жыл соңына 1 215 133,1 мың теңгесі игерілді, яғни игеру пайызы 100 пайызды құраған, 12,9 мың теңге үнем қаржыны қалыптастырып отыр. Бағдарлама бойынша қаралған қаржы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерін ұстау шығындарына жұмсалынған.
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.гектарды құрайтын болса, оның 3,1 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады.
2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 11,3 мың га орман отырғызу жұмыстары жүргізілсе, соның 6,3 мың га Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылды.
Сонымен қатар, 2 950 га жерге орманның табиғи өсіп-өнуіне ықпал ету жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы ағаш көшеттерін өсіретін орман тұқымбақтарының көлемі 22,6 гектардан 80 гектарға ұлғайтылды.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары атқарылды.
Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 290 рейдтер ұйымдастырып, орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 29 жағдайын анықтады. Оның 3 жағдайы заңсыз сексеуіл кесу.
Нәтижесінде, табиғатқа 615,6 мың теңге зиян келтіріліп, оның 468,4 мың теңгесі және 287,1 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 506 адамға (орман билеті-505 дана, ағаш кесу
билеті-1 дана) берілді. Облыстық бюджетке 15,8 млн. теңге қаржы түсірілді. 488 км жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3 229 км ескі өрт жолақтары қалпына келтіріп, өрт қауіпті деген жерлерге 101 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды.
Орман өрттерін сөндіру үшін 20 тонна жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, 2 729 дана елді мекендер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, 37 рет БАҚ құралдар арқылы мақалалар жарияланып, 276 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
254 006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 1 351,4 мың теңге қаржы толық 100 пайыз игерілді. Қыс айларында қалың қар жауып, күннің күрт суытуына байланысты, жабайы жануарлар мен құстарды қосымша қолдан азықтандыру мақсатында 19,9 тонна жем шашылды.
Жабайы жануарлар мен құстарды сақтауға, олардың сандары мен түрлерінің көбеюіне жағдай жасау және қырылу қауіпінің алдын алу мақсатында 4 астау дайындалды, 4 аншлаг орнатылды, 2 алаң және 2 навес жасалып, 900 кг тұз шашу жұмыстары жүргізілді.
Жануарлар түрлерінің санын есепке алу бойынша облыс көлемінде 6509,4 мың гектар жерде аң санағы жүргізіліп, таралу аумағы 2778,9 мың гектарды құраған, нәтижесінде есепке алу көрсеткіштеріне сәйкес - 17351 (экстропаляция көрсеткіштеріне сәйкес-130064) аң есепке алынды.
254 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 565 426,4 мың теңге бөлініп, оның 565423,5 мың теңгесі игерілді, игерілу деңгейі 100 пайызды құраған. Игерілмеген қаржы 2,9 мың теңге үнем қаржыдан қалыптасты.
Аталмыш бюджеттік бағдарламаның 254 008 005 «Ішкі қарыздар есебінен» кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 242 380,8 мың теңге бөлініп жыл соңына дейін толық игерілді. Бұл қаржыға Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында «Ақкиіз» каналына ағымдағы жөндеудің сушаруашылығы жұмыстары, Қазалы ауданы Мұратбаев ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Ақарық» каналына су шаруашылығы жұмыстары, Шиелі ауданындағы "Көксу" каналын тазалау жұмыстары және Жанақорған ауданындағы "Сумағар" каналын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
254 008 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша 323 045,6 мың теңге бөлініп, оның 323 042,7 мың теңгесі игерілді, игерілу деңгейі 100 пайызды құраған. Игерілмеген қаржы 2,9 мың теңге үнем қаржыдан қалыптасты.
Аталған қаражат 8 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге, атап айтқанда, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық» каналы және «Дәулет арық» каналы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней» каналы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы» каналы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам» каналы және Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту» каналы, Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округіндегі «Л-1» каналы, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1,У2,У3,У4» каналдары, және 6 насос қондырғылары Қармақшы ауданының Төребай би, Алдашбай ахун, Жалағаш ауданының Еңбек, Жаңақорған ауданының Қандөз ауылдық округтеріне және Табиғат кәсіпорнына алынды.
Сондай - ақ, 17 каналға, атап айтқанда Арал ауданы «Нұралы жарма», Қазалы ауданы Алға ауылдық округіндегі «Шлюз арық», «Ішкі», Құмжиек ауылдық округінде «Үлкен арығы», Арықбалық ауылдық округінде «Аққолқа», Әйтеке би кентінде «165», Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун ауылдық округінде «Шаймерден», Жосалы ауылдық округінде «Балажарма», Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округінде «Мүлкілән», «Іңкәрдария», Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округінде «Ескі бостандық», Н.Ілиясов ауылдық округінде «Дәурен», Іңкәрдария ауылдық округінде «Ақтам», Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округінде «Л-4А Сайфурхан», Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде «Бабакент», Қыркеңес ауылдық округінде «Қыркеңсе», Жайылма ауылдық округінде «Темірбетонлотокты» каналдарына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін жобалық - сметалық құжаттамалары әзірленді және 3 су шаруашылығы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округінде «Қарақ» және Қоңыраулы», Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінде «Р-16-3», Қожамберді ауылдық округінде «М-2» жобалары мемсараптамадан өтті, 1 су шаруашылығы нысанының Арал ауданы Бөген ауылдық округіндегі Көкіш (Сағымбай) төлқұжатын әзірлеу жұмыстары атқарылды.
Осы жұмыстардың нәтижесімен барлығы, ұзындығы 95,4 шақырым канал тазаланып, олардың бойындағы 9 дана гидротехникалық құрылыстар жөнделді.
Нәтижесінде, елді мекендер аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп, 800 гектар түрлі бау-бақша және көкөніс дақылдарын егуге және 2200 гектар жайылымдық, шабындық жерлер суландыруға жағдай жасалды.
254013 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 6 089,9 мың теңге бөлінген, қаржы жыл соңына дейін толық игеріліп, игерілу деңгейі 100 пайызды құраған. GPS навигаторлары қондырғысы – 104 дана және ТД-500 жанар-жағар май деңгейін бақылайтын құрылғы - 136 дана қабылданып, мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қызылорда қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне (Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы №19 бұйрығы), Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясының теңгеріміне өткізілді.
254065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 58 433 мың теңге бөлініп, жыл соңына қаржы толық көлемде 100 пайызды игерілді. 2020 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 31 248 мың теңгеге ШЖҚ «Табиғат» МКК-на бульдозер сатып алынды. Нәтижесінде, 8 су шаруашылығы нысандарының 3 каналында жүргізілген тазалау жұмыстарына тартылып, мелиоративтік шараларды атқару барысында нәтижелі жұмыстарды жасауға қол жеткізілді.
Сонымен бірге, ШЖҚ «Табиғат» МКК-на «Ағаш отырғызу агрегатын сатып алуға» 27185, 0 мың теңге бөлінген. Осыған байланысты, «Optimal 1400» маркалы ағаш отырғызатын арнайы агрегаты Тауарын (әрі қарай – агрегат) сатып алып беруге ШЖҚ «Табиғат» МКК-ны (әрі қарай – кәсіпорын) мен «MEGA GROUPKZ» ЖШС-гі (әрі қарай – мердігер) арасында 20037,0 мың теңге қаржыға 2020 жылғы 9 сәуірде № 20 және 2020 жылғы 3 маусымда № 20-1 келісім-шарттары жасалған болатын. Өз кезегінде, ағымдағы жылдың 3 тамызында мердігермен Ресейдің «Промснаб» ЖШҚ-мен шығарылған, мыс осы агрегатқа ұқсас қондырғысы кәсіпорын базасына жеткізілгенімен, кәсіпорын мамандарымен жүргізілген визуалды тексеру барысында осы агрегаттың сапасы күмән тудырған. Осы ретте, бұл мәселе талап арыз негізінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып, № 4360-20-00-2/1642 іс бойынша агрегатты мерзімінде жеткізбегені үшін мердігерден кәсіпорын пайдасына 1643,0 мың теңге тұрақсыздық айыбы мен 49291 теңге мемлекеттік баж өндіру жөнінде осы жылдың 23 қарашасында сот шешімі шығарылды. Айта кеткен жөн, жүргізілген іс бойынша сотпен жасалған қорытынды хабарлама кезінде осы агрегатты қабылдау немесе қабылдамау мәселесі сот құзырына жатпайтын болғандықтан, өз жауапкершілігіне алмайтыны аталды. Сонымен қатар, Қазақстан мен бірқатар ТМД елдерінің аумағында «Optimal Kazakhstan» компаниясы өнімдерінің дилері «ЖК Хасенов А.» өкілдігінен кәсіби сарапшы ретінде осы агрегат Тауарының сапасы техникалық талаптарға сәйкес келмейтіні туралы сараптамалық қорытынды алынды.
254096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 242 949 мың теңге бөлініп, жыл соңына қаржы толық көлемде 100 пайызды игерілді. Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысының жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд.теңге. Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырымда орналасқан, көлемі 20,0 га. Кешеннің қуаттылығы: Жылына 60 мың тонна қалдық сұрыпталады. Қосымша жұмыс орнымен 40 адам қамтылды. Полигон 2019 жылы іске қосылды. 2020 жылы жоба бойынша мемлекет тарапынан міндеттеменің бірінші бөлігі төленді.
Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 90 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 25 тамыздағы алыс-беріс актісімен Қызылорда қаласының коммуналдық меншігіне берілді.
254108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы облыстық бюджеттен 26 652,5 мың теңге бөлініп, толығымен 100 пайыз игерілген. Нәнсай-Көксу суландыру жүйесінде су жинау қоймасын салу, Шиелі-Телікөл суландыру жүйесінде су жинау қоймасын салу, Жаңадария-Қуаңдария суландыру жүйесінде су жинау қоймасын салу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Аталған жұмысты мердігер «Қазсушар» РМК» Қызылорда филиалы жүргізді.
254113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 17 307,8 мың теңге бөлініп, жыл соңына дейін толығымен 100 пайыз игерілді. Бөлінген қаржыға ПУИД-3 жобасына енген су нысандарын құжаттандыру жұмыстарын аяқтау үшін Қызылорда қаласына 14397,8 мың теңге (қосымша шыққан 29 канал мен қашыртқылардың жер актісі, техникалық паспорт пен бағалау жұмыстары), Сырдария ауданына 2,9 мың теңге (34,6 мың га жерде орналасқан су шаруашылығы нысандарын бағалау жұмыстарына) облыстық бюджеттен бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталды.
254114 «Жергілікті бюджеттерден берілетін даму нысаналы трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 110 199 мың теңге бөлініп, қаржы 100 пайыз игерілді. Арал қаласындағы полигон құрылысына 156 900 мың теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінді (2019 ж.-46 700 мың теңге, 2020 ж.-110 199 мың теңге). Полигонның қуаттылығы жылына 37,8 мың тонна. Жер учаскесінің көлемі: 6,2 гектар. Арал қаласынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Арал қаласы әкімінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы №01/Ө/НҚ Өкіміне сәйкес Арал қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізілген.