МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2026 жылдың 9 айында 1055 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша электронды үкімет порталы арқылы қызметтер көрсетілді.
Атап айтсақ:
1. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» қызметі бойынша 62 экологиялық рұқсат берілді.
2. «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметі бойынша – 142 қорытынды берілді.
Анықтама: Оның ішінде: ІІ санат объектілері бойынша –65; ІІІ санат объектілері бойынша – 65; Өзге жобалар (иные проекты - 15).
3. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметі бойынша – 221 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
4. «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметі бойынша – 423 рұқсат құжаты берілді.
5. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 207 рұқсат берілді.