ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША
Облыс бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсаны қорытындысымен жинақталған 233 010 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 82 615 тоннасы өңделді (35.4%).
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
«Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің шиналарынан резеңке ұнтақтарын (гранула) шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, картон қалдыктарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазын) шығаруда. «Қарасақал» ЖК макулатура, пластик, картон қалдықтарын жинақтауды арнайы қабылдау пунктінде жүзеге асыруда. «Август» ЖК және «Абай Даулет» ЖШС пластик, картон калдықтарын сұрыптап, жинақтауда.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы - 9 948 дана контейнерлер, оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 2 211 дана арнайы контейнерлер орналасқан.
Облыстың 140 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер учаскелері белгіленген, оның ішінде 7 полигонға (5%) экологиялық және санитарлық рұқсат құжаттары алынған.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу бағытында
10 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 9 жоба «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы қаржыландыруы арқылы іске асырылуда.
Оның ішінде, Жаңақорған ауданы бойынша қуаттылығы жылына 20 мың тонна сұрыптау жобасын іске асыратын «Ком хоз Жаңақорған» ЖШС-нің жалпы құны 159,5 млн.теңге болатын жобасына (қаржыландыру сомасы – 143,5 млн теңге)қаржы бөлініп, іске қосылды.
«Хан-Батыр» ЖШС – қуаттылығы жылына 10 мың тонна сұрыптау жобасы. Жобаның жалпы құны – 80 млн теңге, қаржыландыру сомасы – 72,1 млн теңге. Қазіргі уақытта жоба мақұлданып, 21.09.2026 ж. қаржыландырылды.
«Дезинфекция» ЖШС – қуаттылығы жылына 1,2 мың тонна пластикті қайта өңдеу жобасы. Жобаның жалпы құны – 214 млн теңге, қаржыландыру сомасы – 193,4 млн теңге. Жоба 2025 жылғы 4 желтоқсанда мақұлданды. Қаржылық лизинг шарты 2026 жылғы 3 маусымда жасалды, 25.09.2026 ж. қаржыландырылды.
«WITH YOU E&C KYZYLORDA» ЖШС – қуаттылығы жылына 300 мың тонна сұрыптау жобасы. Жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге, қаржыландыру сомасы – 6,8 млрд теңге. Жоба 2025 жылғы 24 қарашада мақұлданды. Қаржылық лизинг шарты 2025 жылғы 31 желтоқсанда жасалды. Бүгінде 20 пайыз қаражатын салу күтілуде.
«Seven Rivers Technologies» ЖШС – жылына 86 мың тонна шыныны қайта өңдеу жобасы. Жобаның жалпы құны – 31,3 млрд теңге, қаржыландыру сомасы – 28,2 млрд теңге. Жоба Инвестициялық штабтың 2024 жылғы 12 маусымдағы отырысында мақұлданды. Жоба Инвестициялық штабтың қарауына енгізілгеннен кейін, 2026 жылғы 12 наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сараптама нәтижесінде жобаның құны шамамен үш есеге ұлғайды. Осыған байланысты жобаға өзгерістер енгізілуде.
Қазалы (ЖК «Досмұқасан Жалғасбек»), Жалағаш («К. Канатбаева» ЖШС) және Шиелі («Формула безопасности Астана» ЖШС) аудандарында қайталама материалдық ресурстарды алуға арналған қалдықтарды сұрыптау кешендерін ұйымдастыру жобаларын іске асыру жоспарланған.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жобалар толықтай сүйемелдеуге алынып, инвесторларға қажетті деңгейде қолдау жұмыстары жүргізілді. Тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу, құжаттарды рәсімдеу және жобаны қаржыландыруға байланысты мәселелерді дер кезінде шешу бағытында толықтай қолдау шаралары атқарылды.
Алайда, инвесторлардың қаржылық тұрақсыздығына, лизингтік несиені мүлікпен қамтамасыз етілмеуіне, кепілге қойылған мүліктік ғимараттарының басқа қаржы ұйымдарына қайта кепілге қойылуына байланысты 2024 жылы бастау алған жобалар бүгінге дейін созбалаңға салынып, іске асырылмауда.
Осы орайда, инвесторлар тарапынан жергілікті әкімдіктерге қалдықтарды сұрыптау кешендерін ұйымдастыру жобалары бойынша лизингтік қаржыландыруды одан әрі рәсімдеу және қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қатысты тиісті жұмыстарды тоқтатып, жалпы жобаны іске асырудан бас тарту туралы өтініш хаттар түсуде.
Аталған жобалардың өңір үшін әлеуметтік-экономикалық және экологиялық маңыздылығын ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау кешендерін іске асырудың басқа да жолдары қарастырылуда.
Осы бағытта, инвесторлар орындарына аудандардан арнайы ашылған тазалық мәселелерімен айналысатын мемлекеттік мекемелермен жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында «Rem Plast Invest» ЖШС-нің «Гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны 559 млн.теңге (100% - жеке қаражат).Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 2,5 га жер телімі берілді. Жобаның жалпы қуаттылығы жылына 5,4 мың тонна.
Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 80% аяқталып, инженерлік желілер жүргізу бойынша жұмыстар жүруде. Жобаны жыл аяғына дейін іске қосу жоспарлануда.