2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

Қалдықтарды басқару бойынша
Облыс бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсаны қорытындысымен жинақталған 152 340 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың  52 935 тоннасы өңделді (35.0%).
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
«Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің шиналарынан резеңке ұнтақтарын (гранула) шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, картон қалдыктарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазын) шығаруда. «Қарасақал» ЖК макулатура, пластик, картон қалдықтарын жинақтауды арнайы қабылдау пунктінде жүзеге асыруда. «Август» ЖК және «Абай Даулет» ЖШС пластик, картон калдықтарын сұрыптап, жинақтауда.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы - 9 921 дана контейнерлер, оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 2 184 дана арнайы контейнерлер орналасқан.
Облыстың 140 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер учаскелері белгіленген, оның ішінде 7 полигонға (5%) экологиялық және санитарлық рұқсат құжаттары алынған.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу бағытында 99 млрд. 259 млн. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 98 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын 9 жоба «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы қаржыландыруы арқылы іске асырылуда.
Қызылорда қаласындағы «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің жобасы Қор сараптамасының ІІ кезеңінен 20.11.2025 ж. өткізілді. 23.12.2025 ж. үш жақты (Жасыл даму, Қор, Инвестор) қаржыландыру келісім-шарты жасалды. Жобаны қаржыландыру үшін инвестор тарапынан жобаға өзіндік қатысу мөлшері (жоба құнынан 20%) қаражатын салу жұмыстары жүруде. 
Қызылорда қаласындағы «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің жобасы бойынша 12.03.2026 ж. мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес жоба құнының қымбаттауына байланысты жобаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға енгізілді. 
Қызылорда қаласындағы «Дезинфекция» ЖК-нің жобасы Қор сараптамасының ІІ кезеңінен 08.12.2025 ж. өткізілді. Қаржылық лизинг бойынша келісім-шарты а.ж. 15 маусымында жасалды. Жабдықтарды сатып алу келісім-шарттары Қорға келісімге жолданған. 
Арал ауданындағы «Хан Батыр» ЖШС-нің жобасы Қор сараптамасының 
ІІ кезеңінен 22.08.2025 ж. өткізілді. Қор тарапынан қаржы лизингі шарты әзірленуде. Инвестор кепілге қойылатын қаржыны (7 млн.тг.) лизинг мерзімі аяқталғанға дейін сақтауға екінші деңгейлі банктерде сақтау мүмкіндігін қарастыруда («Еуразиялық банк» АҚ-мен келіссөздер жүруде). 
Қазалы ауданындағы «Досмұқасан Жалғасбек» ЖШС-нің жобасы Қор сараптамасының ІІ-кезеңінен 23.06.2026 ж. өткізілді. Қаржыландыру шарттары бойынша жұмыстар жүруде.
Жалағаш ауданындағы «К.Канатбаева» ЖШС-нің жобасы Қор сараптамасының ІІ-кезеңінен 25.12.2025 ж. өткізілді. Инвестормен кепілге қойылған кәсіпкерлік нысанның орнына қажетті 14,6 млн.тг. қаржы іздестірілуде.
Шиелі ауданындағы «Формула безопасности Астана» ЖШС-нің жобасы Қор сараптамасының ІІ-кезеңі қарауында.
Қармақшы ауданындағы «Greenorda Project» ЖШС-нің жобасына өзгерістер енгізіліп, Қор сараптамасының І-кезеңіне құжаттар 15.06.2026 ж. қайта жолданып, сараптама қарауында.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында «Rem Plast Invest» ЖШС-нің «Гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны 559 млн.теңге (100% - жеке қаражат). Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 2,5 га жер телімі берілді. Жобаның жалпы қуаттылығы жылына 5,4 мың тонна.
Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 80% аяқталып, инженерлік желілер жүргізу бойынша жұмыстар жүруде. Жобаны жыл аяғына дейін іске қосу жоспарлануда.

 

Дата публикации
14 июля 2026