
Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерге орналастырушы»;
2010 жылы «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында жұмысшы болып бастаған.
2006 - 2007 жж. - «Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметкері, инженер;
2007 - 2008 жж. - «Қызылордажер 2» жер-сәулет фирмасында жеке еңбекшарты негізінде «жер қатынастары және заңдастыру» бөлімінің бастығы;
2008 - 2012 жж. - қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2012 - 2016 жж. - қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы;
2016 - 2017 жж. - «ГосГрадКадастр» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры;
2017 - 2018 жж. - Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2018 - 2021 жж. - Қазалы ауданы әкімінің орынбасары;
2021 - 2022 жж. - Сырдария ауданы әкімінің орынбасары;
2022 - 2025 жж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2025 жылдың 8 сәуірінен бастап - Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.