«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңі аяқталды

«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңі аяқталды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев бүгін «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңіндегі жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.
Аталған іс-шараға қатысу үшін аудан орталығы мен елді мекендердегі 22 отбасы өтініш білдірген. Қатысушы отбасылар арнайы алғыс хатпен марапатталса, 3 отбасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Комиссия шешімімен байқаудың облыстық кезеңіне Тереңөзек кентінің тұрғындары Әшірбековтар отбасы және Шаған ауылының Үмбетаевтар отбасы жолдама алды.
Ал, Қалжан Ахундық Бөдеевтер отбасы жүлделі ІІІ орын иегері атанды.