
2022 жылғы 16 қазанда өткен Шаған ауылдық округі әкімін сайлау қортындысы туралы хабар
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2022 жылы 16 қазанда Сырдария ауданы, Шаған ауылдық округі әкіміне сайлау өтті. Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Шаған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасының негізінде анықтады:
Шаған ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізімінде 2513 азамат бар, олардың 2378-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 18, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 15.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Конысбаев Айбек Жуманазарович – 154, Мақаш Иранбек Жармағанбетұлы – 202, Смайлов Нугыман Жангабылович - 1989.
Шаған ауылдық округінің әкімі болып сайланған Смайлов Нугыман Жангабылович 1977 жылы туылған, «Шаған-жер» ЖШС-гі директорының орынбасары өзін-өзі ұсынған, Шаған ауылдық округінің Шаған ауылында тұрады.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы