Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылдың 9-айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы

Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылдың 9-айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы

АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында келесідей жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:  

Есепті мерзімде Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл салаларында заңнамаларының және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет департаментімен бірлесіп 5 құқықтық оқыту семинары өткізіліп, 15 мемлекеттік қызметшіге және 3 азаматқа жеке консультативтік көмек көрсетілді. Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 1 дөңгелек үстел және 1 семинар-кеңес өткізілді.

Түсіндірме жұмыстары мемлекеттік қызмет саласына енгізілген өзгерістерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-қимыл әрекеттерін және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын қолдану тәжірибесіне талдау нәтижелерін қамтыған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссиясымен бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 1, 2, 3 комиссия отырыстары өткізіліп, жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалып, комиссия мүшелеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.  

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттары мүдделі мекеме басшыларына, аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне, дербес бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне үздіксіз ескертілуде.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізу міндеттілігі түсіндірілуде. 

Аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шараларын күшейту бағытында әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек ұдайы көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Оның ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінде мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқытулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары мен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестелері жарияланған.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылған «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасының жеңімпазы «Нұрдария - Сырдария» қоғамдық қорымен жыл көлемінде 14 кездесу, 4 акция, 5 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 10 мақала, 100 әдістемелік нұсқаулық тарату шараларын өткізу жоспарланған.

Есепті мерзімде, Қоғамдық қормен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру»  бағытында әдістемелік кітапшалар таратылды. Бұдан бөлек, 5 рет қоғамдық қабылдау, 2 рет акция, 1 рет «Ашық алаң» өткізілді. Қордың фейсбук парақшасында 8 рет мақала жарияланды. «Үздік аула» және «Үздік плакат» байқаулары ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Барлық атқарылған шаралар әлеуметтік желіге жарияланып, БАҚ жарықтандырылды. 

Аталған жоба аясында аудан көлеміндегі құқық қорғау органдары, «Аманат» партиясы аудандық филиалы, қоғамдық кеңес, облыстық «Азаматтық альянсы» Сырдария аудандық филиалымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен Меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 16-18 мамырында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша жасалынған меморандум аясында Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде және барлық ауылдық округтері әкімдері аппараттарының ғимараттарында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру»  бағытында аудандық қоғамдық кеңес, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімінің басшысы және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен ақпараттық -  насихаттық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында топ мүшелері қоғамдық қабылдаулар жүргізіп, азаматтардың ұсыныс пікірлерін, арыз-шағымдарын  тыңдап, «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру»  бағытында әдістемелік кітапшалар таратылды.

2022 жылдың 13 маусымында Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінің және аудандық «Халық Банкі» ғимараттарында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында акция өткізілді.

Аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатындабарлық ауданға қарасты әр ауылда (барлығы 13 ауыл) тақырыптық 1 билбордтан (13 дана), аудан орталығында 2 билборд және барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық материалдары орнатылды және аудан әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіне бейнероликтер жарияланды.        

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында маусым-шілде айларында әлеуметтік желілерде 15-мақала,                     4-бейнеролик жарияланды, «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасының ұйымдастырумен «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» атты бейнеролик, жергілікті атқарушы органдардың мамандары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кент және ауылдық округтерде халық көп шоғырланған жерлерде тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің  2022 жылғы 25 маусым № 50 санында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!» атты мақала жарық көрді. Сонымен қатар аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің интернет сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті!», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шаралары басталды», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді» тақырыбында мақала жарияланды. Насихаттау жұмыстары өз жалғасын табуда.

 Қазіргі таңда аудан әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылып, «Open Space» жобасы аясында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері халыққа бір жерден қызмет көрсетуде.

Сонымен бірге, 2022 жылдарға жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру бойынша аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауапты офицерлері ішкі талдау жүргізіп, талдамалық анықтама құжаттарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.  

Ағымдағы жылдың 04 тамызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшылығымен «Зум» платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуы, сыбайлас жемқорлық бойынша көзделген жауапкершілік түрлері және аймақтарда туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мәселелері туралы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 тамызында аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік мекемелерінің комплаенс-қызметіне жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комплаенс-қызметінің рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтеріне жүктелген міндеттер мен атқарылған жұмыстары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері талқыланып, алдағы уақытта жоспарға сәйкес атқарылатын нақты тапсырмалар берілді. 

Бұдан бөлек, 2022 жылдың 02 қыркүйегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында аудан әкімдігіне қарасты (кент және ауылдық округі әкімдігі, дербес бөлімдер) құқықтық оқытулар өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

  Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде аудан басшысының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кезекті комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесімен жергілікті атқарушы органдар және мемлекеттік органның бірінші басшыларына сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау мақсатында нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалуы қатаң бақылауға алынды.   

Жоғарыда көрсетілген ісшаралардың арқасында өткен кезеңінде аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ.

   Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар аудан әкімдігінің қатаң бақылауына алынды.

 

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы