Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (III-тоқсан)

Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (III-тоқсан)

Сырдария ауданы бойынша 2022 жылы 63 мемлекеттік қызмет түрі 7 бөлім арқылы көрсетіледі (жер қатынастары, сәулет және құрылыс, экономика, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ТҮКШ, ауылшаруашылығы).

2022 жылдың 9 айдың есебіне сәйкес электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі 90,6 пайызды құрады.

Мемлекеттік орган – 213 қызмет;

Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) – 448 қызмет;

Электрондық Үкімет Порталы – 6947 қызмет 91,3%.

Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтер:

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 116 қызмет. (бүгінгі күнге электрондық үкімет порталы арқылы көрсету мүмкіндігі жоқ);

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 24 қызмет. (2022 жылдың сәуір айынан бастап электронды нысанға өтті).

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 21 қызмет. (2022 жылдың наурыз айынан бастап электронды нысанға өтті)

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша 56 «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде. Мемлекеттік органға, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген азаматқа мекеме қызметкерлері «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышынан электрондық үкімет порталы арқылы өтінім тапсыруға көмектеседі.

Атап айту керек, барлық мемлекеттік органдарда «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарына дербес компьютер бөлінбеген.

        Сонымен қатар, аудан көлемінде электрондық қызметтердің үлесін арттыру бағытында 2 видеоролик түсіріліп, Фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды.

        Мемлекеттік қызметтерді алуды аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында жер қатынастары, ауылшаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және АХАТ салаларының мамандарының қатыстыруымен Facebook әлеуметтік желісінде 2 мәрте мемлекеттік қызмет көрсету «онлайн жәрмеңкесі» өткізілді.

Есепті кезеңде аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерде 21 қызмет түріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Оның қорытындысымен аудан көлемінде мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бағытында 6 әдістемелік семинарлар жүргізілді.

2022 жылдың Президент Әкімшілігі тарапынан тексеру нәтижесімен келесі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының бұзушылықтары анықталды:

Тереңөзек кенті әкімі аппараты – 2 факт; (мемлекеттік қызмет көрсету бизнес процессін бұзу)

Аудан әкімінің аппараты – 3 факті (2022 ж. -
1 факт, 2021 ж.- 2 факт);

Аудандық құрылыс және сәулет бөлімі – 3 факті. (2022 ж. - 1 факт, 2021 ж.- 2 факт);

Аудандық жер қатынастары бөлімі – 2020 ж. – 8 – факт, 2021 ж. – 10 факт, 2022 ж. факт.

Аталған фактілер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандардың жауапкершілігі қаралып, тиісті тәртіптік шаралар көрілді.

Президент Әкімшілігі тарапынан жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылдың 2 қыркүйегінде аудан әкімі аппаратында жер қатынастары және сәулет салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелерін талқылау бойынша семинар өткізілді.

Семинарға аудан әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары және аудандық жер қатынастары және құрылыс бөлімдерінің басшылары қатысты.

2022 жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бойынша 2 факті тіркелді.

1 - аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы,
1- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тіркелген.

Мерзім бұзушылық нәтижесімен Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасы тарапынан тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерінен айыппұл салынды.

 

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы