
2022 жылдың ІІІ тоқсанында ауданәкімі аппаратына
жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы
2022 жылдың ІІІ тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –635 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 635 өтініштің 336-ы оң шешімін тапса, 299 -іне заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден –
77 өтініш келіп түскен.
2022 жылдың ІІІ тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 247 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде:148 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 99 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.
Қабылдау барысында 111 азаматтың көтерген мәселелері оң шешімін тапса, қалған 136 азаматқа заңға сәйкес түсіндірмелер берілді.