
Аудан әкімі Р.Рүстемовтың 2020 жылғы 15-24 қаңтар аралығында халық алдындағы есепті кездесуде көтерілген ұсын-пікірлердің үстіміздегі жылдың І-тоқсанына орындалуы
|
№ |
Мәселенің мазмұны |
Орындалуы
|
|
1 |
Бесарық елді мекеніндегі ауыл ішілік көшелерді асфальттау (С.Минайдаров, Ғ.Мұратбаев) |
Бесарық елді мекеніндегі Мінәйдаров, Мұратбаев көшелерінің жалпы ұзындығы 3,61 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 103 474,0 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
2 |
Шаған ауылында орналасқан Қазпошта АҚ бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
«Казпошта» АҚ филиалының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
|
3 |
Қалжан ахун ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу (Қайқы батыр, Н.Шідербаев) |
Аудандық тұрғын үй коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Қайқы батыр, Н.Шідербаев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджетке ұсынылды; Бейнебақылау жүйесін орнату бойынша аудандық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды; Бейбітшілік көшесін жарықтандыруға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде; Н.Шідербаев көшесін жарықтандыру жұмыстары аудандық бюджеттен атқарылатын болады. |
|
4 |
Қалжан ахун елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 2020 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда. |
|
5 |
С.Сейфуллин ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу және Сәрке батыр көшесіне жаяу жүргіншілерге арнап тротуар салу |
С.Сейфуллин елді мекенінің Есқұлы, Абдрей, Әуелбай, Мұрат, Бәйтен батыр, Зейін көшелерінің жалпы ұзындығы 5,94 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 105 142,0 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Сәрке батыр көшесіне тротуар салу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама жасату үшін 241,1 мың теңге қаржы бөлінді. |
|
6 |
С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. |
|
7 |
А.Тоқмағамбетов елді мекенінде жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу |
Құны 164,9 млн. теңге дәрігерлік амбулаторияның құрылысын мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында іске асыруға облыстық денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялады. |
|
8 |
Тереңөзек кентіндегі Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу |
Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарына осы жылы жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, аталған көшенің тас төсеу жұмыстарына 2021 жылға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
|
9 |
Тереңөзек кентіндегі Қызылдихан көшесін жарықтандыру |
Кенттегі Қызылдихан көшесін жарықтандыруға байланысты ЖСҚ жасату үшін бюджеттен қаржы қарастырылатын болады. |