Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер

Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2021 жыл қорытындысы

Сырдария ауданы бойынша 2021 жылы 58 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2021 жылдың есебіне сәйкес электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі 79 пайызды құрайды.
Мемлекеттік орган – 679 қызмет,
Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) – 1170 қызмет,
Электрондық Үкімет Порталы – 6929 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында Тереңөзек кентінде «Сервистік әкімдік» ашылды. Қазіргі таңда «Сервистік әкімдікте» аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін 4 бөлім қызмет көрсетуде.
Қазіргі таңда аудан бойынша 56 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.
Сонымен қатар аудан көлемінде электрондық қызметтердің үлесін арттыру бағытында 4 видеоролик түсіріліп, аудандық ресми интернет ресурқа жарияланды.
2018 жылдан бастап аудан бойынша «Цифрлық сауаттылық курстары» өкізіліп, жалпы 3900 адам курстардан өтті. Оқу курстары төрт дағды бойынша жүргізілді олар «Базалық цифрлық дағдылар», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Ашық үкімет», «Электрондық сауда».
Оқыту мектептер, колледждер және кітапханалар базасында өткізілді.
2021 жылы карантиндік шараларға байланысты цифрлық сауаттылық курстары онлайн форматқа көшіріліп, курс дағдылары бойынша мәліметтер, видеороликтер арнайы youtube арналарында орналастырылды.
Есепті кезеңде аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерде 21 қызмет түріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Оның қорытындысымен аудан көлемінде мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бағытында 6 әдістемелік семинарлар жүргізілді.
2021 жылдың 10 айында ҚР мемлекеттік қызметтер агенттігі және облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ішкі бақылау нәтижесімен келесі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының бұзушылықтары анықталды:
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі – 179 факт;
Аудандық жер қатынастары бөлімі – 94 факті;
Аудандық құрылыс және сәулет бөлімі – 8 факті.
Есепті кезеңде аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші органдар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.


Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жыл қорытындысы

Аудан бойынша 100 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. 2020 жылы Сырдария ауданының мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер тарапынан 13 238 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде, аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 5831 (44%) құрап отыр.

2019 жылы аталған көрсеткіш 6266 қызметті құраған, осыған орай мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі азайғаны байқалып отыр.

Мемлекеттік корпорация арқылы – 2460 (19%) қызмет көрсетілген.

2019 жылы аталған көрсеткіш 6335 қызметті құраған, аталған көрсеткіштің түсуіне «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі 2019 жылы тек мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болған (жалпы 2019 жылы 2438 қызмет)

Электрондық үкімет порталы арқылы – 4947 (37%) қызмет көрсетілген.

2019 жылы аталған көрсеткіш 4464 қызметті құраған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  тапсырысымен өткізілген мемлекеттік қызмет алу нәтижесіне қоғамдық мониторинг нәтижесімен Сырдария ауданы жалпы 4,5 пайыз (общий балл удовлетворенности) иеленді.Оның ішінде:

4,4 пайыз – көрсетілген қызметпен қанағаттану;

4,3 пайыз – мемлекеттік қызметті рәсімдеу;

4,5 пайыз – қосымша құжат сұрату;

4,5 пайыз – қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау.

Қазіргі таңда аудан бойынша 56 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

Қазіргі таңда, Сырдария ауданындағы мемлекеттік қызметшілер және бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері толық электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы заңбұзушылықтарды алдын алу мақсатында аудан бойынша тұрақты түрде құқықтық жиындар өткізіліп тұрады.

Есепті кезеңде аудандық 21 мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Оның қорытындысымен аудан көлемінде мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бағытында 7 әдістемелік семинарлар жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында Тереңөзек кентінде «Сервистік әкімдік» ашылды. Қазіргі таңда «Сервистік әкімдікте» аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін 4 бөлім қызмет көрсетуде.

2020 жылдың 10 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде 2 мерзім бұзушылық фактілері тіркелді.

Анықтамалық. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.

Аталған факт бойынша мерзім бұзушылықты жіберген маманға тиісті тәртіптік шара көрілді.


Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2019 жыл қорытындысы

Аудан әкімдігінің аппараты аудан көлеміндегі жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мониторингілеп отырады.

Бүгінгі күнге Сырдария ауданы тарапынан жергілікті атқарушы органдар арқылы 97 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 58 түрі көрсетіледі.

2019 жылы Ішкі мемлекеттік қызмет алушыларға жалпы 34910 (2018 ж. - 33939) қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

Баламалы – 21072 (2018 ж. - 23952),

Баламасыз – 2639 (2018 ж. - 887), 

Мемлекеттік корпорация – 6335 (2018 ж. - 5250)

Электронды Үкімет Порталы – 4864 (2018 ж. - 3850)

Барынша талап етілген мемлекеттік қызметтердің түрлері:

1) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу - 11597;

2) Ветеринариялық анықтамалар беру–5844;

3) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 1094;

4) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 998;

5) Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру – 1275;

Барлығы - 20808 (бұл көрсеткіш мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтің санын көбейтіп тұр). Аталған қызметтер тек мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі, және қазіргі таңда қызметтерді өзге жолмен көрсету мүмкіндігі жоқ. Электронды үкімет порталы арқылы көрсету мүмкіндігі болған жағдайдада қызмет көрсетуге өтініш беру барысында, Электронды Үкімет Порталы базаларында техникалық мүмкіндік жоқ екені анықталады, немесе тапсырылған өтініш аудандық қызмет көрсетуші органдарға түспейді. Жоғарыда аталғанның негізінде, қазіргі таңда қызметтерді электронды көрсету мүмкіндігі жоқ. Жалпы есептік кезеңде аталған қызметтер мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтердің санына қосылғасын, аталған қызмет көрсету түрінің үлесін арттыруда. Көрсетілген қызметтерді алып тастағанда мемлекеттік орган арқылы қызметтер 2903 қызметті құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзушылық факторларын болдырмау мақсатында аудан әкімдігімен күнделікті ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, ай сайын есептілік жасалып, облыс әкімдігіне жолданып және http://kyzmet.orda.gov.kz/ адресіндегі есептік ақпараттық орталықтанған жүйесіне енгізілуде.

         Аудан бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсету 21 факті тіркелді. Атап айтқанда, аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері тарапынан «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметі бір күнге кешіктіріп орындалған. Аталған фактілер бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің бас мамандары А.Ерішева және Б.Мейрамбекұлына тәртіптік шаралар қолданылды.

ХҚКО мен ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша

2017 жылғы 26 қазанындағы аудан әкімі аппараты басшысының №07-21/577 санды хатына сәйкес ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ашу тапсырылған. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда. Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітілді. Бүгінгі күнге «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы 2400 тұрғынды компьютерлік сауаттылығын арттыру жұмыстары маусым айының 3-17 аралығы жүргізілді.

Компьютерлік сауаттылығын арттыру курстары «Базалық дағдылар бойынша», «Электронды сауда», «Электронды үкімет», «Ашық үкімет» бағыттары бойынша өткізілді. Қазіргі таңда аталған жұмыстар толығымен аяқталып, тиісті есептер облыстық цифрлық технологиялар басқармасына ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың 2018 жылғы 26 шілдеде бекітілген мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуге бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерге 2019 жылдың әр айының 24-29 күндері аралығында «Ашық есік» күндерін өткізу тапсырылды. Аталған жұмыстар қазіргі таңда жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария аудандық бөлімінің басшысымен келісілген 2019 жылға «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, аудан халқының Электронды үкімет порталымен жұмыс жасау үлесін арттыру бағытында өткізілетін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізу іс-шаралар жоспары» бекітіліп мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері қазіргі таңда кент орталығында, Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ильясов, Шаған  ауылдық округтерінде жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау  функцияларын жүзеге асыратынына сәйкес агенттікпен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша өзекті мәселелерді  облыс, қала, аудан жанындағы қоғамдық кеңестерде қарау тапсырылған болатын.

Аталған тапсырмаға сәйкес 2019 жылдың 16 қыркүйегінде аудандық Қоғамдық кеңес отырысы жүргізілді. Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік қызмет көрсету барысы талқыланды және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз қызмет алуға арналған арнайы қоңырау және пандустар орнату жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда аталған тапсырмалар толық орындалды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында халықтың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Сырдария ауданындағы мемлекеттік қызметшілер және бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері қазіргі таңда толық электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар «Digital agent» мобильдік қосымшасымен аудан халқын хабардар ету мақсатына кент, ауылдық округ орталықтарында билбродтар орналастырылды және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің ғимараттарында брошюралар орнатылды.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысы 2019 жылғы 3 қазаннан бастап күшіне енуіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан ұсынылған хабарландыру мәтіні Сырдария ауданы әкімінің ресми интернет ресурсында және Facebook парақшасында, аудандық «Тіршілік тынысы» қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы 26 қазанындағы №83 санында «Енді мекенжай анықтамасы талап етілмейді» мақаласы жарияланды. Аталған өзгерістер бойынша аудандық мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер тарпынан аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймын.

 

Дата публикации
29 апреля 2020
Дата обновления
29 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы