
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №АСК-118 қаулыcына
Қосымша
Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің (әрі қарай - Әкімдер) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын Әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде
2022 жылғы 16 қыркүйек (113-1-б.2-, 3-тт.)
|
|
2. Сайлау округінің тізімі мен олардың шекараларын және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 26 қыркүйектен кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 26 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
|
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Сырдария ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімге кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады (113-3-б.1-т.)
|
|
7. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
|
|
8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімге кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімге кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.)
|
|
14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиялары Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін 2022 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2022 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен 18.00 сағаттан кейін басталады және 2022 жылғы 14 қазанда жергілікті уақытпен 00.00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Аудандық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Сырдария ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2022 жылғы 1 қазаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 6 қазанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей 2022 жылғы 13 қазаннан ерте емес және 15 қазаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2022 жылғы 16 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 16 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00 ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады 2022 жылғы 16 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2022 жылғы 19 қазаннан кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2022 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде 2022 жылғы 22 қазаннан кешіктірмей Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.