Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару тәртібі

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару тәртібі

 

БЖЗҚ-ға төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) МЗЖ1 есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.

Назарыңызға алыңыз, МЗЖ төлеуден салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.

 

 

БЖЗҚ-ға аударылатын МЗЖ:

 

1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағының 31) тармақшасының тоғызыншы азат жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды;

2) Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды;

3) Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 42), 43)-тармақшаларында (жоғалтқан жалақы (табыс) бөлігінде), сондай-ақ, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 12), 26), 27), 50) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды. Бұл ретте БЖЗҚ-да МЗЖ Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 17) тармақшасының алтыншы азат жолында көзделген табыстардан ұсталмайды.

4) мүгедектер және Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.

 

 

МЗЖ аудару

 

Агенттер МЗЖ-ны қолма-қол төлемсіз аударады. 

ЖП, ЖК тұлғалары, сондай-ақ, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары бар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар МЗЖ-ны Мемлекеттік корпорацияның келесі деректемелерін көрсете отырып, БЖЗҚ-ға аудару үшін банктерге қолма-қол ақшамен енгізеді:

 

 

Бенефициар

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ

Бенефициар БСК

GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ12009NPS0413609816

Бенефициар БСН

160440007161

ТТК (төлем тағайындау коды)

010

 

Бізбен ақпаратпен бөліскен: "БЖЗҚ" АҚ Қызылорда облыстық филиалының Операциялық бөлімінің (ҚЖО) Тереңөзек кентіндегі жетекші маманы Есниязова Л.А.

 

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы