
Сайлау процесіне қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар-кеңес
2022 жылғы 17 наурыз күні Сырдария ауданында сайлау процесіне қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесу Сырдария аудандық сайлау комиссиясының ғимаратында өткізілді. Кездесуге Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Наурызбаев Қожамжар және аудандық сайлау комиссиясының мүшелері және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, саяси партия, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Кездесуде облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Нұржігітұлы ҚР сайлау жүйесінің негізгі міндеттерін және Ел Президентінің Жолдауындағы Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктері және мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылатыны, соның ішінде, Президенттен бастап ең жоғары лауазымды мемлекеттік басшылардың партияға мүше болудан тыс болуы жөніндегі, елдегі сайлау жүйесін өзгерту, сайлауға партияға мүше емес азаматтардың да қатыса алуы туралы ұсыныстардың мәні зор екенін айтып өтті.
Кездесуде қатысушылар биылғы Ел Президентінің Жолдауында айтылған өзгерістерінің дұрыс екендігін айтып өтті. Кездесуді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов қорытындылап, кездесуде белсенділік танытқан саяси партия, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдеріне алғысын білдірді.