Лого проект

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 20 ақпанда өткен Тереңөзек кенті әкімін сайлау қортындысы туралы хабар

2022 жылғы 20 ақпанда өткен Тереңөзек кенті әкімін сайлау қортындысы туралы хабар

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылы 20 ақпанда Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті әкіміне сайлау өтті.

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Тереңөзек кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасының негізінде анықтады:

Тереңөзек кенті бойынша сайлаушылар тізімінде 7190 азамат бар, олардың 5902-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 37, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 0.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Бахтияров Ержан Бахтиярұлы – 4191,  Мақаш Иранбек Жармағанбетұлы – 673, Сарсенов Бакитжан Сактаганович - 1001.

Тереңөзек кенті әкімі болып сайланған Бахтияров Ержан Бахтиярұлы                                1982 жылы туылған, Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде тұрады.  

Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы