
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы10 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған Тереңөзек кенті әкіміне кандидат болып тіркелді:
Мақаш Иранбек Жармағанбетұлы – 1977 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, Тереңөзек кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.