Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданында Дүниежүзілік сайлау күні атап өтілді.

Сырдария ауданында  Дүниежүзілік  сайлау күні атап өтілді.

        Дүниежүзілік сайлау күнін 2005 жылғы Европа елдері сайлауды ұйымдастырушылары ассоциациясының бастамасы бойынша халықаралық  қауымдастық ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтеді.

        Бүкіл әлемдік сайлау күнін белгілеудің мақсаты – сайлау құқығын шынайы кең мағынада жетілдіру проблемасына адамдардың назарын тарту.

        Сырдария ауданында бұл күнге орайластырылған кездесу екінші рет  өткізілуде.

         2022 жылғы 4 ақпан күні  сайлау комиссиясының мүшелерімен  бірлесе  отырып жас сайлаушылармен басқосу  өткізілді.

         Тереңөзек кентіндегі №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде   жас сайлаушылармен кездесу өткізілді.

          Кездесуде Сырдария аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова  Сырдария  ауданының  жас сайлаушыларына  сайлаудың мәні, қалыптасу тарихы, негізгі қағидаттары, сайлаушылар ретінде  олардың қандай құқықтары бар екендігі және оларды қалай іске  асыра алатындығы жайлы  түсініктеме берді.  «Менің сайлаудағы жеңісім»  тақырыбында пікір алмасты.

          Сырдария аудандық сайлау комиссиясының ғимаратында дүниежүзілік сайлау күніне арналған кездесу ұйымдастырылды.

          Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова бүкіл әлемдік сайлау күнін белгілеудің мақсаты мен мәніне тоқталды.

          Кездесуге кент бойынша кезінде  сайлау комиссияларының  төрағалары, хатшылары және мүшелері болған кент ардагерлері С.Сәдуақасов, Ж.Айсин, А.Нуртаева, С.Сулейменов, А.Сапарова, А.Әбілдаева  өздерінің сайлауға қатысу тәжірибелерімен бөлісті, сайлау науқандарында  қолданған сайлау технологиялары жайлы баяндап берді.

Дата публикации
04 февраля 2022
Дата обновления
04 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы