Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданының 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

 

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

 

2022 жылдың 1 қазанына

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және аудан бюджетінің атқарылуы туралы қорытындылары

 

Сырдария ауданының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек

айларындағы даму қорытындылары

 

Сырдария ауданы бойынша халық саны 38668 адамды құрады. Оның ішінде ерлер саны 20288 (51,9%), әйелдер саны 18580 (48,1%) адам.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 279413 теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,6 пайызға өсіп отыр.

Өнеркәсіп өндірісі.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 32116,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2021 жылдың осы деңгейіне қарағанда 3,5 есеге ұлғайған (облыс бойынша 1 көрсеткіш).  Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 6547,0 млн. теңгені (144,2 пайыз) құрап отыр (облыс бойынша 2 көрсеткіш).

        Мал шаруашылығы.

        Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2022 жылдың қантар – қыркүйегінде 15052,4 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,3 пайызға артып отыр (облыс бойынша 1 көрсеткіш).

        Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 107,0 %-ды  (37873 бас), оның ішінде сиырлар 102,1%-ды (21032 бас), жылқы 114,5 %-ды (19467 бас),  түйе 104,7%-ды (1605 бас) қой мен ешкі 98,3%-ды (29115 бас), құс 102,6 % -ды (14099 бас) құрады.

        Инвестиция.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудан экономикасына 27839 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  164,3 пайыз болып отыр (облыс бойынша 1 көрсеткіш). Бұған себеп кен орнын жайластыру, ұңғымаларды пайдалану, шығару және айдау желілері жобалары 27,2 пайызға ұлғайғаны әсер еткен.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 19232 шаршы метрді құрайтын  тұрғын үй салынып, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артқан (облыс бойынша 4 көрсеткіш) . Салынған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражат есебінен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9 айда 6225,0 млн. теңгені құрап, 3,5 есе артқан (облыс бойынша 1 көрсеткіш). Өсім кен орнында кәсіпшілік аралық коллектор, магистральдық еңбек құбырын салу 42,6 пайызға ұлғайған есебінен өсім алған.

Шағын және орта бизнес.

2022 жылдың 1 қазанына бөлшек сауда көлемі 1248,0 млн. теңгені құрап, 113,6 пайыз болып отыр (облыс бойынша 2 көрсеткіш) . Бөлшек сауданың өсімі жанар-жағар май сатылымының ұлғайуына және баға өсуіне байланысты көбейіп отыр.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне 2713 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді. Оның ішінде 137 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1215 жеке кәсіпкерлер, 1361 шаруа және фермер қожалықтары.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2565 болып, өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда 104,1 пайызға өскен. Жұмыс жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 94,5 пайызды құрады. 

2022 ЖЫЛДЫҢ  1 ҚАЗАНЫНА АУДАН БЮДЖЕТТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ

 

Атауы

Жоспар

Кассалық атқарылуы

%

Жылдық

Есепті мерзімде

Жылдық

Есепті мерзімде

1. Кірістер, оның ішінде:

13018211

9661209,2

9860206,1

75,7

102,1

Салықтық түсімдер

5301156,8

3275591,3

3467250,3

65,4

105,9

Салықтық емес түсiмдер

9585,2

5103,1

11878,9

123,9

232,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

31420,2

13219,9

13781,9

43,9

104,3

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

7676048,8

6367294,9

6367294,9

83

100,0

Субвенция

4309241

4309241

4309241

100

100,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

2370078,2

1465879,5

1465879,5

61,8

100,0

Нысаналы даму трансферттері

996729,6

592174,4

592174,4

59,4

100,0

2. Шығындар, оның ішінде:

13486898,6

8944783,4

8923345,2

66,2

99,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1381411,5

982206,2

982060,1

70,8

100,0

Қорғаныс

24022,7

16168

16166,4

67,3

100,0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

27126

21106

21105,9

77,8

100,0 

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

1745761,9

818438,4

818327,7

46,9

100,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

564850

356237

356233

63,1

100,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1205578,5

923891,4

923846,3

76,5

100,0

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

24242,2

20907,2

20906,8

86,2

100,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

157038,5

109010,7

109007,9

69,4

100,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

39528

30350,2

30349,1

76,8

100,0

Көлiк және коммуникация

683027,9

444206,1

444205,7

65,0

100,0

Басқалар

877852,6

594925,4

573799,5

66,0

96,4

Борышқа  қызмет көрсету

71374

47276

47276

66,2

100,0

Трансферттер

6685084,8

4580060,8

4580060,8

68,5

100,0

3. Таза бюджеттік кредиттеу

119879

186090,9

153556,3

 

 

Бюджетік кредиттер

248103

248103

248103

100

100,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

128224

62012,1

94546,7

73,7

152,5

4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0

0

0

0 

0 

қаржы активтерін сатып алу

0 

 0

0 

0 

 0

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

 0

0 

 0

0 

0 

5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-600325,6

530334,9

783304,5

 

 

6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профициті)

600325,6

-530334,9

-783304,5

 

 

Қарыздар түсімдер

260967,7

260936,9

260936,9

100,0

100,0

Қарыздарды өтеу

129150,7

62938,8

62938,8

48,7

100

 

 

2022 жылдың 1 қазанына аудан бюджеті.

                           Аудан бюджетінің түсімдерінің орындалуы

 

2022 жылдың 9 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 10688,0 млн.теңгеге немесе 102,3 %-ға орындалды.

Өз кірістердің есепті кезеңге жоспары 3293,9 млн.теңге, нақты             3492,9 млн.теңгеге немесе 106,1%-ға орындалып,  199,0 млн.теңге артық түсірілді. Оның ішінде салықтық түсімдер – 3467,2 млн.теңге, салықтық емес түсімдер – 11,9 млн.теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 13,8 млн.теңге.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден                   6367,3 млн.теңге көлемінде трансферттер алынды, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 2058,1 млн.теңге (100%), субвенция – 4309,2 млн.теңге (100%). 94,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит өтелді.

 

Шығындар бойынша

            Аудан бюджетінің шығындар жоспарының орындалуы

 

Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге                     99,8%-ға орындалды (9255,8 млн.теңге жоспардың атқарылуы                       9234,4 млн.теңгені құрады). Бюджет қаражатын үнемдеулер есебінен толық игерілмегені  21,4 мың.теңге.

Оның 21162,4 мың теңгесі жоғары бюджеттен берілетін трансферттерден құралған. Жергілікті бюджет қаражаты бойынша 275,8 мың теңге игерілмеген.

                                

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің атқарылуы

 

Бюджеттің төртінші деңгейі бойынша 2022 жылға арналған бюджетінің кірістері 1464,5 млн.теңге көлемінде түзетілген.                  

Оның ішінде өз кірістерінің жоспары 110,6 млн.теңге, трансферттердің көлемі 1328,9 млн.теңге.        

Есепті мерзімге өз кірістері бойынша 94,1 млн.теңге түсімдер жоспарланған, нақты 102,8 млн.теңгеге немесе 109,2 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспарланғаны 88,7 млн.теңге, нақты 96,0 млн.теңгеге немесе 108,2 пайызға орындалып, асыра орындалу көлемі 7,3 млн.теңгені құрады. Ал салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 4,9 млн.теңге, нақты 6,3 млн.теңгеге немесе 129,3 пайызға орындалып, асыра орындалу көлемі 1,4 млн. теңгені құрады. 

Есепті кезеңде аудандық бюджеттен 880,8 млн.теңге көлемінде субвенция (100%) мен 448,1 млн.теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер (100%) аударылды.

Шығындардың есепті кезеңге төлемдер бойынша жоспары 1461,5 млн.теңге, нақты 1455,1 млн.теңгеге немесе 99,6%-ға атқарылды. Бюджет қаражатын үнемдеулер есебінен есеп шотта қалдырылғаны 6,4 млн.теңге.

 

 

 

 

 

 


АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

2022 жылдың 1 шілдесіне

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және аудан бюджетінің атқарылуы туралы қорытындылары

Сырдария ауданының 2022 жылдың қаңтар-маусым

айларындағы даму қорытындылары

Сырдария ауданы бойынша халық саны 38663 адамды құрады.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 214031,0 теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,2 пайызға өсіп отыр.

Өнеркәсіп өндірісі. 2022 жылдың қаңтар-маусым айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 10053 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2021 жылдың осы деңгейіне қарағанда 220 пайызды құраған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3694 млн. теңгені (135,7 пайыз) құрап отыр.

        Мал шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2022 жылдың қантар-маусымында 2750,9 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайызға артып отыр.

        Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 106,8 %-ды  (39528 бас),оның ішінде сиырлар 113,5%-ды (23950 бас), жылқы 113,9 %-ды (20374 бас),  түйе 104,7%-ды (1605 бас), қой мен ешкі 102,3%-ды(32155 бас), құс 102,6 % -ды (14558 бас) құрады.

        Инвестиция. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 12556 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  115,4 пайызды құрады.

2022 жылдың қаңтар-маусым айында 6927 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайызды құрап отыр. Салынған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражат есебінен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылдың 6 айында 908 млн. теңгені құрап, 91,4 болып отыр.

Оның басты себебі – өткен жылы аудан аумағында мұнай-кен орындары жұмысшылары үшін 250 вахталық қалашық  құрылысы жүзеге асырылған («КазПетроГрупп» ЖШС. Құрылыстың жалпы құны – 2,0 млрд. теңге, 2021 жылы - 600 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылған).

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын орындау мақсатында мұнай компаниялармен (2,2 млрд теңге) жұмыстар жасалуда, жеке қаражат есебінен (492,0 млн теңге) оған қоса бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар (1,3 млрд теңге) бойынша есептілік толығымен тапсырылатын болады. Жыл соңына барлығы 4,9 млрд теңгенің құрылыс жұмыстарын орындайтын боламыз.

Шағын және орта бизнес. Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2022 жылдың қаңтар-маусымында 566,0 млн теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.

2022 жылдың 1 шілдесіне 2533 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді. Оның ішінде 139 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1087 жеке кәсіпкерлер, 1307 шаруа және фермер қожалықтары.

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2386 болып, өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда 101,4 пайызды құраған. Жұмыс жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 101,3 пайызды құрады.

2022 ЖЫЛДЫҢ  1 ШІЛДЕСІНЕ АУДАН БЮДЖЕТТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ

 

Атауы

Жоспар

Кассалық атқарылуы

%

Жылдық

Есепті мерзімде

Жылдық

Есепті мерзімде

1. Кірістер, оның ішінде:

13008960,7

6003587,7

6132487,6

47,1

102,1

Салықтық түсімдер

5284565

2044311,7

2165026,9

41,0

105,9

Салықтық емес түсiмдер

5831

1072,3

7720,6

132,4

720,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

31000

10606

11375,4

36,7

107,3

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

7687564,7

3947597,7

3948364,7

51,4

100,0

Субвенция

4309241

3100000

3100000

71,9

100,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

2393735,9

800910,7

801677,7

33,5

100,1

Нысаналы даму трансферттері

984587,8

46687

46687

4,7

100,0

2. Шығындар, оның ішінде:

13485963,3

5224988,7

5224682,4

38,7

100,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1331688,1

675826,8

675757,5

50,7

100,0

Қорғаныс

24022,7

11061,3

11060,9

46,0

100,0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

28614

0

0

0,0

 

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

1782157,9

371717,9

371639,5

20,9

100,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

572203,9

256000,7

255995,6

44,7

100,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1216740,4

571126

571003,8

46,9

100,0

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

148033

6943,3

6942,7

4,7

100,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

155842,5

82661,6

82657,7

53,0

100,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

38566

17653,9

17643,1

45,7

99,9

Көлiк және коммуникация

1226297,6

289007,4

288994,9

23,6

100,0

Басқалар

205368,4

110433

110429,9

53,8

100,0

Борышқа  қызмет көрсету

71344

19458

19458

27,3

100,0

Трансферттер

6685084,8

2813098,8

2813098,8

42,1

100,0

3. Таза бюджеттік кредиттеу

119879

75822,9

82371,8

68,7

108,6

Бюджетік кредиттер

248103

137835

137835

55,6

100,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

128224

62012,1

55463,1

43,3

89,4

4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0

0

0

0 

0 

қаржы активтерін сатып алу

0 

 0

0 

0 

 0

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

 0

0 

 0

0 

0 

5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-596881,6

702776,1

825433,2

 

 

6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профициті)

596881,6

-702776,1

-825433,2

 

 

Қарыздар түсімдер

260967,7

137835

137835

52,8

100,0

Қарыздарды өтеу

129150,7

62938,8

62938,8

48,7

100

 

2022 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің түсімдері.

Кірістер бойынша

2022 жылдың 6 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 6325,8 млн.теңгеге немесе 102,0%-ға орындалды.

Өз кірістердің есепті кезеңге жоспары 2056,0 млн.теңге, нақты 2184,1 млн.теңгеге немесе 106,2%-ға орындалып, 128,1 млн.теңге артық түсірілді. Оның ішінде салықтық түсімдер – 2165,0 млн.теңге (105,9%), салықтық емес түсімдер – 7,7 млн.теңге (720,0%), негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11,4 млн.теңге (107,3%).

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 3948,4 млн.теңге көлемінде трансферттер алынды, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 848,4 млн.теңге (100%), субвенция – 3100,0 млн.теңге (100%).

55,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит өтелді.

Шығындар бойынша

Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100%-ға орындалды (5425,8 млн.теңге жоспардың атқарылуы 5425,5 млн.теңгені құрады). Бюджет қаражатын үнемдеулер есебінен толық игерілмегені 0,3 млн.теңге.

Оның 177,0 мың теңгесі жоғары бюджеттен берілетін трансферттерден құралған. Жергілікті бюджет қаражаты бойынша 129,0 мың теңге игерілмеген.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің атқарылуы

Бюджеттің төртінші деңгейі бойынша 2022 жылға арналған бюджетінің кірістері 2024,1 млн.теңге көлемінде түзетілген. Оның ішінде өз кірістерінің жоспары 89,9 млн.теңге, трансферттердің көлемі 1934,2 млн.теңге.

Есепті мерзімге өз кірістері бойынша 67,2 млн.теңге түсімдер жоспарланған, нақты 82,9 млн.теңгеге немесе 123,3 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспарланғаны 66,2 млн.теңге, нақты 79,2 млн.теңгеге немесе 119,6 пайызға орындалып, асыра орындалу көлемі 13,0 млн.теңгені құрады. Ал салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 943,5 мың теңге, нақты 3629,8 мың теңгеге немесе 384,7 пайызға орындалып, асыра орындалу көлемі 2686,3 мың теңгені құрады. 

Есепті кезеңде аудандық бюджеттен 653,7 млн.теңге көлемінде субвенция (100%) мен 265,5 млн.теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер (100%) аударылды.

Шығындардың есепті кезеңге төлемдер бойынша жоспары 1 011 235,4 мың.теңге, нақты 1 011 182,0мың.теңгеге немесе 100,0%-ға атқарылды. Бюджет қаражатын үнемдеулер есебінен есеп шотта қалдырылғаны 53,4 мың теңге. Атап айтқанда: Ақжарма ауылдық округінде 2,3 мың теңге, Шаған ауылдық округінде 1,3 мың теңге, С.Сейфуллин ауылдық округінде 5,6 мың теңге, Қоғалыкөл ауылдық округінде 1,6 мың теңге, Бесарық ауылдық округінде 2,1 мың теңге, Тереңөзек кентінде 0,4 мың теңге, Іңкәрдария ауылдық округінде 2,4 мың теңге, Шіркейлі ауылдық округінде 24,1 мың теңге, А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде 1,3 мың теңге, Н.Ілиясов ауылдық округінде 3,8 мың теңге, Қалжан ахун ауылдық округінде 2,3 млн.теңге, Аманкелді ауылдық округінде 0,7 мың теңге, Айдарлы ауылдық округінде 5,3 мың теңге, Жетікөл ауылдық округінде 0,1 мың теңге.


Сырдария ауданының 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

2022 жылғы Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы

Халық саны. 2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 38625 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 100 пайызды құраған.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2021 жылдың 1 желтоқсанына 139,4 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексі 2021 жылдың 1 желтоқсанына 100,3 пайызға жеткен.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2021 жылы 57,2 пайызға жеткен.

Сауда.  Бөлшек сауданың нақты көлемнің индексі 2021 жылдың 1 желтоқсанына 100,9 пайызды құрады.

Инвестиция. Негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі аудан инвестициясының үлесі 2021 жылдың 1 желтоқсанына 55,8 пайызды құрады.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 2021 жылдың 1 желтоқсанына 93,3 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз көлемінде болжамдануда.

2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 60000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  19450 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 46302 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3063 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге.

 

2022-2024 жылдарға арналған Сырдария ауданы бюджетінің негізгі параметрлері

Аудан бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және аудан деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Аудан бюджетінің түсімдері және шығындары

2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудан бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

«2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №107 шешімімен бекітілді.

 

2022 жылға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері

2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Алдағы үш жылдық кезеңге облыстық бюджеттің төменгі деңгейдегі бюджеттермен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттеледі.

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 50% облыстық бюджетке;

Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 50% облыстық бюджетке;

Әлеуметтік салық бойынша – 50% облыстық бюджетке.

Аудан бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері

 

Атауы

2021 жыл есеп

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

12275344,9

11962431

4562059

4617438

Салықтық түсімдер

4510852,5

5200141

4549644

4604527

Салықтық емес түсiмдер

3695,7

396

109

113

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

32688,4

31000

12306

12798

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

7728108,3

6730894

 

 

Субвенция

4332539

4309241

 

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер

2813513,6

1672207

 

 

Нысаналы даму трансферттері

582055,7

749446

 

 

2. Шығындар, оның ішінде:

12392639,4

11962431

4562059

4617438

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

915012,8

909302

356882

364018

Қорғаныс

21437,1

24025

18152

18515

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

10303,9

4663

4756

4851

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

841202,3

901981

471982

475387

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

831112,6

163000

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

558947,9

886031

446643

455576

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

120009

 

 

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

160953,1

157580

137947

140706

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

57159

36641

27600

28152

Көлiк және коммуникация

422230,8

940756

299688

305681

Басқалар

722422,9

210358

91313

93140

Борышқа  қызмет көрсету

72749

71464

109

109

Трансферттер

7659098,2

7656630

2706987

2731303

3. Таза бюджеттік кредиттеу

170938,6

119879

 

 

Бюджетік кредиттер

306285

248103

 

 

Бюджеттік кредиттерді өтеу

135346,4

128224

 

 

4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

 

 

 

 

қаржы активтерін сатып алу

 

 

 

 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

 

 

 

 

5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-288233

-119879

 

 

6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профициті)

288233

119879

 

 

Қарыздар түсімдер

307211,7

248103

 

 

Қарыздарды өтеу

113292,7

128224

 

 

Бюджет қаражаттарының бос қалдықтары

521341,4

 

 

 

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру саласы шығындары

                                                        мың теңге                                                               

 

Шығындар атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік қөмек

182601

69707

71101

2

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

10926

6427

6556

3

Жұмыспен қамту бағдарламасы

393879

82556

84207

4

Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

31843

28916

29494

5

Тұрғын үйге көмек көрсету

9000

9180

9364

6

1999 жылдың 26 шілдесінде «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы» атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау

140

274

279

7

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

7167

4820

4916

8

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

49539

8076

8238

9

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

114575

221958

220363

10

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

58588

34418

35106

11

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

9220

 

 

12

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

33753

4916

5014

 Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2021 жылдың 1 желтоқсанына 391 отбасына 2226  адамға 95191,6  мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 371 отбасына шартты, 20 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. 387 отбасына 2211 адамға 77055,5 мың теңге төленді.

          

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттык кеңістік саласы шығындары

мың теңге

№

Шығындар атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

140017

112892

115150

2

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

48820

29550

30141

3

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

98613

11409

11637

4

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

21743

22178

22622

5

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

27790

80998

82618

6

Спорт объектілерін дамыту

223504

 

 

7

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

123614

91931

93770

8

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

500

510

520

9

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

7891

8049

8210

10

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

27310

18619

18991

11

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер

74491

 

 

12

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

64936

52292

53338

13

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

21192

18215

18579

14

Мемлекеттік органның күрделі шығындары

5610

 

8353

 

Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар -  аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, аудандық ауруханадағы кітапхана филиалы, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 14 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.

Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Аудан мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 362 мәдени шара ұйымдастырылып, оған 56292 көрермен қамтылған.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында  424320 дана кітап бар.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласының шығындары

мың теңге

 №

Шығындар атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

19000

 

 

2

Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру

144000

 

 

 

2022 жылы облыстық бюджет есебінен Сырдария ауданы «Тұщықұдық» шекара бекетіне су тұщытқыш қондырғысын жинау, жеткізу және іске қосу шығындарына 19000 мың теңге қаралған;

Аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі «Майжарма» каналын абаттандыруға 137000 мың теңге, Тереңөзек кентіндегі «Сыр сүлуы» композициясын абаттандыруға 4500 мың теңге, Тереңөзек кентінде бейне бақылау камераларын орнатуға 2500 мың теңге қаралған.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласы шығындары                                                                                      

мың теңге

 №

Шығындар атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

40180

27250

27795

2

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

46896

38783

39559

5

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

70504

71914

73352

 Бұл шаралар агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасау бағыттарына жұмсалады.

Көлік және коммуникация саласы шығындары

мың теңге

  №

Шығындар атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

Көлік инфрақұрылымын дамыту

525942

 

 

2

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

16000

16320

16646

3

Көлiк инфрақұрылымының басым  жобаларын іске асыру

392974

277412

282960

4

Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру

5840

5956

6075

 

2022 жылы Сырдария ауданы Н.Ілиясов елді мекеніндегі көшелерді қайта жаңғыртуға 525942 мың теңге (республикалық бюджет есебінен 125942 мың теңге, ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 400000 мың теңге) 458 023 бағдарламасына автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 16000 мың теңге, 458 024 бағдарламасына кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға 5840 мың теңге, 458 050 бағдарламасына Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 904 мың теңге (облыстық бюджет есебінен мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға 249 мың теңге, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 655 мың теңге), 458 051 бағдарламасына көлiк инфрақұрылымының басым  жобаларын іске асыруға 392974 мың теңге (республикалық бюджет есебінен Сырдария ауданындағы аудандық маңызы бар «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолын орташа жөндеуге 12 км (18-30 км) 146504 мың теңге, облыстық бюджет есебінен Сырдария ауданы Бесарық елді мекенінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 246470 мың теңге)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы