Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданының Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

      

             Сырдария аудандық сайлау          

             комиссиясының 2022 жылғы

             19 қаңтардағы №101   

             қаулыcына қосымша

 

 

Сырдария ауданының Тереңөзек кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Тереңөзек кенті әкімінің (бұдан әрі – әкімнің) сайлауын тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Тереңөзек кенті әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын

ҚР Президентімен жарияланған төтенше жағдайдың алынып тасталған күні  

2022 жылғы 19 қаңтар

(113-1-б.2-т.)

 

2. Сайлау округін және оның шекаралары мен Сырдария аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Сырдария аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2022 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Сырдария ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2022 жылғы 3 ақпанға дейін

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 20 қаңтарда басталады және 2022 жылғы 05 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

7. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімге кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2022 жылғы 20 қаңтарда басталады және 2022 жылғы 10 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2022 жылғы 10 ақпанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 10 ақпанда жергілікті уақытпен 18:00 сағаттан кейін басталады және 2022 жылғы 19 ақпанда жергілікті уақытпен 00:00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Сырдария ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылғы 1 ақпанға дейін

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылғы 05 ақпаннан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей

2022 жылғы 17 ақпаннан ерте емес және 19 ақпаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,         2022 жылғы 20 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

2022 жылғы 20 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 23 ақпаннан кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2022 жылғы 24 ақпаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2022 жылғы 27ақпаннан кешіктірмей

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
19 января 2022
Дата обновления
19 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы