
2021 жылғы 24 қазанда өткізілген Қалжан Ахун ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2021 жылы 24 қазанда Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылдық округі әкіміне сайлау өткізілді.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қалжан Ахун ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады:
Қалжан Ахун сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылар саны - 735, дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 641, жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «бәріне қарсымын» деген сайлау бюллетень саны - 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Акбаров Галымжан Науретович – 582, Жұманов Алмас Бектібайұлы – 37, Куланшиева Алмагул Баскинбаевна - 18.
Қалжан Ахун ауылдық округінің әкімі болып сайланған. Акбаров Галымжан Науретович1974 жылы туылған, Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі, «NurOtan» партиясы ұсынған, Қалжан Ахун ауылдық округінің Қалжан Ахун ауылында тұрады.
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы