
2021 жылғы 07 қазанда Сырдария аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Қалжан Ахун ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Куланшиева Алмагул Баскинбаевна;
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2021 жылғы 24 қазанға тағайындалған Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 25 қыркүйектен 09 қазанға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.