
Сырдария аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған ауылдық округтер әкімдерін тіркеді:
Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі Алданазаров Ғабдолла Рүстембекұлы, 1960 жылы туылған, қазақ, «Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі аппараты» КММ әкімі, «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі, Асқар Тоқмағанбетов ауылында тұрады.
Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы, 1965 жылы туылған, қазақ, «Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппараты» КММ әкімі, «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Іңкәрдария ауылдық округі, Іңкәрдария ауылында тұрады.
Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Нурмаганбетов Сагдат Нурмаганбетович, 1990 жылы туылған, қазақ, «Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі аппараты» КММ әкімі, «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Нағи Ілиясов ауылдық округі, Нағи Ілиясов ауылында тұрады.