
Сырдария ауданында 2021 жылдың 18 маусым күні Сырдария ауданы бойынша «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңестің жұмысына облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы, Тұрабаева Ақмарал Айдарқызы және аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары қатысты. Семинар кеңесті аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова ашты. Семинар барысында Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі аспектілері» туралы және облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы «Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау барысында сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету туралы» баяндамалар жасады. Сондай–ақ семинар кеңесте «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерінің ұйымдастыруымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін «сайлау күні» іскерлік ойыны өткізілді. Семинарға қатысушылар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі кездегі пандемия жағдайында сақтық шараларды ескеріп, ауылдық деңгейдегі әкімдер сайлауын өткізу мәселесе талқыланып пікір алмасты.