
|
Бюджетті орындау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«2021 жылғы 1 ақпанға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп» мың теңге
2021 жылғы 1 ақпанға аудандық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы қысқаша ақпарат Есепті мерзімге аудандық бюджетке түсімдер 881994,0 мың теңге сомасында көзделген. 1 ақпанға атқарылу 906787,1 мың теңгені немесе есепті жоспарға 102,8% құрады. Аудандық бюджетке кірістер 881994,0 мың теңге сомасында көзделген. 1 ақпанға кіріс 898688,5 мың теңге немесе 16694,5 мың теңгеге артық орындалып, есепті жоспарға 101,9% түсті. Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері төлемдер жоспары 24798,0 мың теңге болғанда 39169,7 мың теңгені немесе 158,0% құрады, 14371,7 мың теңге артық орындалды. Салықтық емес түсімдер есепті кезеңге арналған 162,0 мың теңге жоспарда 289,1 мың теңгені немесе 178,5% құрады. Есепті кезеңге арналған 150,0 мың теңге жоспарда негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2345,7 мың теңге түсті немесе 1563,8%. Трансферттер түсімі 856884,0 мың теңге жоспарда 100% түсті. Оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 6884,0 мың теңге, субвенция 850000,0 мың теңге. 8098,6 мың теңгеге бюджеттік кредиттер өтелді. Есепті мерзімге аудандық бюджет шығыстары 630704,0 мың теңге сомасында жоспарланды. 2021 жылғы 1 ақпанға 628870,1 мың теңгеге немесе төлемдер жоспарына 99,7%-ға шығыстар жүргізілді. 1833,9 мың теңге атқарылмаған. 2021 жылғы 1 ақпандағы аудандық бюджет профициті 277917,0 мың теңгені құрады. Аудандық бюджет профицитін пайдалануға -277917,0 мың теңге, оның ішінде қарыздар түсімі есебінен – 0,0 мың теңге, қарыздарды өтеу есебінен – 0,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен – (-277917,0) мың теңге пайдаланылды.
|