Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады

Биыл 1 шілдеден бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Ең алдымен, бұл кодекс азаматтардың мүдделерін қорғауға, соның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз және жеткіліксіз уәжделген шешімдерінен қорғауға арналған қағидаттар енгізілген. Азаматтарға мемлекеттік органдардың соңғы шешімі қабылданғанға дейін өз уәждері тыңдалатынына процедуралық кепілдеме бекітілген. Бұл қадам Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделген.

Сонымен қатар осы мақсатта биылғы жылы азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтініштерді бақылау ісін жетілдіретін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылатын болады. Ақпараттық жүйе өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз етіп, тиімділігін арттыру бағытында, мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға, өтініштерді қарауда өтініш берушіні ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қоятын болады.

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы