
«Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы бойынша «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізіліп, аудан бойынша 135 мемлекеттік әкімшілік қызметші толық жүйеге енгізілді және мемлекеттік органдарда жүйемен жұмыс жасау жөнінде 2021 жылдың 19-28 сәуір аралығында 154 тестілеу жүргізіліп (өтінішті тіркеу, орындау және басқа органның қарауына жолдау), тексерілді.
Ауданда мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің ҚР ӘРПК нормаларын меңгеру бағытында 29.04.2021 жылы аудан әкімі аппаратында кент, ауылдық округі әкімі аппараттары мен дербес бөлімдердің жауапты мамандарының (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау функциясы жүктелген) қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді оқыту Академиясымен аудан бойынша оқыту 2021 жылдың 20-21 және 24-25 мамыр күндеріне Zoom платформасы арқылы 16 сағаттық оқыту жоспарланған.
Аудан әкімі аппаратында 12.02.2021 ж. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшуде ақпараттық қолдаудың медиа-жоспары бекітілді. Медиа-жоспарға сәйкес, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде, әкімдіктің интернет-ресурсында «Тыңдаушы мемлекет» айдары ашылып, «Жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады» және аудандық соттың «Сот жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат» тақырыптарында ақпараттық хабарлама жарияланды.