Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер (І тоқсан 2021 жыл)

Аудан, кент және ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы 29 қаңтар және 1-3 ақпан аралығында халық алдындағы есепті кездесу барасында тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы

№

Мәселенің мазмұны

Орындалуы

1.

Н.Ілиясов ауылына кіре беріс жолын асфальттау бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

Н.Ілиясов елді мекеніне кіре беріс жолын күрделі жөндеуге (2км) республикалық бюджеттен 60000 мың теңге, облыстық бюджеттен 66304 мың теңге, барлығы 126603 мың теңге қаржы бөлінді.

2.

Елді мекенге газ тарту бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру

Аудандық бюджеттен С.Сейфуллин елді мекеніне жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 7369,6 мың теңге қаржы бөлінді.

3.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекеннің асфальтталмай қалған көше бөліктеріне қайта есептемелерін әзірлеп, 2021 жылы толығымен аяқтау және облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсыну

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжарма елді мекенінің асфальтталмай қалған көше бөліктеріне қайта есептемелерін әзірлеп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылатын болады.

4.

Елді мекендегі ескірген электр желілерін жаңғыртуға байланысты «Қызылорда облыстық электр тарату компаниясы» АҚ арқылы атқару үшін қажетті материалдардың есебін әзірлеп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ-на жолдануы бойынша ұсыныс енгізу

Шаған елді мекеніндегі электр желілерін жаңғырту жұмыстарын тікелей «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ арқылы атқару үшін қажетті материалдардың есебі әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына және «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ-на ұсыныс берілді (Шаған 306 106  мың теңге).

5.

Елді мекендегі М.Мәметова көшесінің асфальт төселмей қалған бөлігіне байланысты тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

Жобалық құны 25 768,8 мың теңгенін А.Тоқмағамбетов елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,64 шақырымды құрайтын М.Маметова көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруда.

6.

Елді мекенде спорт нысанын салу бойынша ұсыныс енгізу

Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қаржыландыруға 389185 мың теңге болатын «Бесарық елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы» жобасы жоғарғы бюджетке ұсынылды.

7.

Ауыл аумағынан алынып, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу

Сырдария ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жөнінде аудан әкімінің тиісті сала орынбасарымен арнайы жұмысшы топ құрылып, заңға сәйкес тиісті шараларды қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандық жұмысшы топтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің шағын кәсіпкерлерге тексерулер жүргізуге жарияланған мораторий талаптарын ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің иелігіндегі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтаруға және нысаналы мақсатына сәйкес мал басы санын тіркетіп, игеруге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ескеру хаттары таратылуда. Аманкелді ауылдық округі бойынша пайдаланылмай жатқан 18 жер учаскесінің ішінен 5 меншік иесі мал басын атына тіркеп, пайдалануға кіріскен. 1 меншік иесі жер учаскесін мемлекетке қайтаруға жұмыс жасалуда.

8.

Қ.Сәтбаев, Тілеу ұста көшелерін асфальттау бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

Жобалық құны 58 758,0 мың теңгенің Қоғалыкөл ауылындағы жалпы ұзындығы 1,72 шақырымды құрайтын Қ.Сәтбаев, Тілеу ұста көшелеріне орташа жөндеу жобасына сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

9.

Елді мекендегі «Ақтам» каналын тазарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

2020 жылы «Ақтам» каналын тазалау жұмыстары бойынша    құны 37 млн. 866,0 теңгенің  сметалық құжаттары жасалып,  облыстық «Табиғатты қорғау және пайдалану, реттеу басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

10.

А.Құнанбаев, Ж.Жабаев көшелерін асфальттау бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

Жобалық құны 40 974,0 мың теңгенің Іңкәрдария ауылындағы жалпы ұзындығы 1,25 шақырымды құрайтын А.Құнанбаев, Ж.Жабаев көшелеріне орташа жөндеу жобасына сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

11.

Айтбай арық каналына су айдайтын насос орнату жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджеттен О. Мәлібаев елді мекенін аяқ сумен қамтамасыз ету (Айтбай арық каналына насос сатып алу) 5000,0 мың теңге қаржы бөлінді.

12.

Кентті газдандыру бойынша тиісті жұмыстарды атқару

Бүгінгі күнге, 13 нысан газға бейімделді, 8 нысанмен 305  тұрғын үй көгілдір отынын пайдалануда.

«Қызылорда Газ Тарату Жүйесі» КМК мекемесі арқылы халыққа сапалы әрі қауіпсіз газ жеткізу мақсатында 24 сағат 109 авариялық бригадасы жұмыс жасауда және газға қосылған тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарын жүргізіп, газ жабдықтарын өз беттерінше қоспауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Тереңөзек кентінде газ құбыры желісін тұрғын үйлерге кіргізу бойынша «ҚазЭнергоПроэктСтрой» ЖШС, «Жүніс и К» ЖШС, «Шыңғысхан и К» ЖШС, «Қызылордагазмонтаж LTD» ЖШС, «КапСтройИнжиниринг»ЖШС, «Жәрдем» ЖШС-гі және т.б.  серіктестіктері өз қызметтерін көрсетуде.

Жеке тұрғын үйлерді газға қосу қызметі 20 метрге дейін жылыту қазандығынсыз 90-120 мың теңге аралығында. 20 метрден жоғары болған жағдайда әр метріне 1,5-2,5 мың теңге аралығында қаралған.

Баға өзге өңірлермен салыстырғанда арзан және тұрғындар үшін тиімді болып отыр. Сондай-ақ, тұрғындарға қаражатты бөліп төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі таңда тұрғындардан газ құбырларын үйге кіргізу өтініштері қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдың  сәуір, мамыр айларында газ тарифтері бекітіліп, тұтынушылардан газ есептегіш құралы арқылы пайдаланылған газдың төлемін жинау жұмыстары жоспарлануда.

13.

Кенттегі спорт клубының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

2020 жылы ЖСҚ-на аудандық білім бөлімі арқылы қаржы бөлінді. Қазіргі таңда спорт клубының балансына берілуіне байланысты сараптама нәтижесін алуға жұмыс жасалуда.

14.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген мамандар туралы толық мәліметтерді жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарында кеңінен ақпараттандыру

2020 жылы 24 қарашада «Дипломмен ауылға бағдарламасына жаңадан енгізілген өзгерістер туралы» аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне мақала жарияаланды, «Дипломен ауылға бағдарламасы туралы және енгізілген өзгерістер туралы білгіңіз келе ме?» тақырыбында наурыз айында фейсбук әлеуметтік желісінде және сәуір айында инстаграм әлеуметтік желісіндежарияланды. Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына тұрақты түрде тоқсан сайын орналастыруда.

15.

Тұрғындарға жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерін мерзімінде игеру бойынша заңға сәйкес жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарында кеңінен ақпараттандыру

Сырдария ауданы бойынша жер учаскелерін табыстау бойынша қабылданған шешімдер тізімі мен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кезектілікке тұрған азаматардың тізімін Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына тұрақты түрде тоқсан сайын орналастыруда. Сонымен қатар, ҚР Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, игеру мерзімі аяқталуға 3 ай уақыт бұрын жер пайдаланушыларға кент және ауылдық округі әкімдері тарапынан жер учаскесінің мерзімін ұзарту немесе жеке меншікке алу туралы ескертпе хаттар тұрақты жолдануда.

16.

Тереңөзек кенті аумағынан жайылымдық жер көлемін ұлғайту бағытында ұсыныстар енгізу

Аудан көлемінде орналасқан елді мекендердің 70 пайыздан астамы егін шаруашылығын жүргізуге бейімделген. Яғни, ауыл округінің жер көлемінің негізгі бөлігін инженерлік жүйеде әзірленген суармалы егістік жерлер алып жатуымен байланысты.Қазіргі күні аудан аумағындағы Сарысу, Қызылқұм, Қарақұм өңірлерінде шалғайдағы мал жайылымдық жерлерді дамыту мақсатында шеген және ұңғыма құдықтары түгенделіп, тиісті құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байданысты, Жер кодексінің талаптарына сәйкес, мал шаруашылығымен айналысуға жер учаскелерін фермер қожалығы үшін сауда-саттық (конкурс) арқылы алуға әр бір азаматтың мүмкіндігі бар.

17.

Ауданда мал ұрлығының алдын-алу шараларын жүргізу бағытында нақты ұсыныстар енгізу

Аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу мақсатында қазіргі таңда ауданға қарасты 12 елді мекенде, атап айтқанда А.Тоқмағамбетов, Шіркейлі, Ақжарма, С.Сейфулин, Айдарлы, Бесарық, Жетікөл, Іңкардария, Қалжан ахун, Қоғалыкөл, Нағи Ілиясов, Шаған ауылдық округтерінде ірі қара малдарды падамен бағу ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде, мал ұрлығы - 93 пайызға (30-дан 2-ге) төмендеген.  

18.

Тереңөзек-Қызылорда тас жолын жөндеу бағытында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасына ұсыныс енгізу

Облыстық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш-Жосалы» автожолының 16-63 шақырым бөлігі Сырдария ауданы аумағынан өтеді. Аталған жол облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Қазіргі таңда аталған жолдың 91 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына аталмыш басқарма тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.

19.

Кенттегі Сырдария көшесін жарықтандыруға байланысты нақты ұсыныстар енгізу

Кенттегі Сырдария көшесін жарықтандыруға аудандық бюджеттен 2444,3 мың теңге қаржы бөлінді.

20.

Қызылдихан көшесіне тас төсеу жұмыстарын ұйымдастыру

Тереңөзек кентіндегі жалпы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын Қызылдихан көшесіне 2020 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қызылдихан тұйығын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге ұсыныс енгізіп, осыған сәйкес жобалау-сметалық құжаттама дайындалғаннан кейін, қаржыландыруға облыстық бюджетке ұсынылатын болады.

 

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы