
2020 жылдың 15-24 қаңтар аралығында әкімдердің есепті кездесу барысында Сырдария ауданы тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс – пікірлердің іс-шаралары жоспарының 2020 жылдың IV-тоқсанына орындалуы туралы
|
№ |
Мәселенің мазмұны |
Орындалуы |
|
1 |
Бесарық елді мекеніндегі ауыл ішілік көшелерді асфальттау (С.Минайдаров, Ғ.Мұратбаев) |
Бесарық елді мекеніндегі Мінайдаров, Мұратбаев, Тәженов, Әуезов, Өтешов, Тәуелсіздік көшелерінің жалпы ұзындығы 8,43 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 246470 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
2 |
Шаған ауылында орналасқан Қазпошта АҚ бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ауылдық пошта бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыл әкімі тарапынан аудандық пошта байланыс торабының басшысы Ғ.Кенжебаевқа 2020 жылдың |
|
3 |
Қалжан ахун ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу (Қайқы батыр, Н.Шідербаев) |
Қалжан ахун елді мекеніндегі Қайқы батыр, Н.Шідербаев көшелерінің жалпы ұзындығы 1,57 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 40 505,0 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. 2020 жылы Н.Шідербаев көшесі толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп асфалтьтанды. Бейнебақылау жүйесін ауылға толығымен орнатылды. Бейбітшілік және Н.Шідербаев көшелері толығымен жарықтандырылды. |
|
4 |
Қалжан ахун елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу |
Елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуге аудандық аурухана тарапынан жобалық сметалық құжаттары әзірленіп облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. |
|
5 |
С.Сейфуллин ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу және Сәрке батыр көшесіне жаяу жүргіншілерге арнап тротуар салу |
С.Сейфуллин елді мекеніндегі Есқұл, Әбдрей, Әуелбай, Мұрат, Бәйтен батыр, Зейін көшелерінің жалпы ұзындығы 5,94 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 105 142,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сәрке батыр көшесіне тротуар салу жұмыстарына жобалық құны 27,9 млн. теңгенің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды. |
|
6 |
С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
№137 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. |
|
7 |
А.Тоқмағамбетов елді мекенінде жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында А.Тоқмағамбетов ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жобасы бастамасын алды. Жоба құны 164,9 млн. теңге. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы конкурс жарияланды. |
|
8 |
Тереңөзек кентіндегі Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу |
Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарына осы жылы жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, аталған көшенің тас төсеу жұмыстарына 2021 жылға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
|
9 |
Тереңөзек кентіндегі Қызылдихан көшесін жарықтандыру |
Кенттегі Қызылдихан көшесін жарықтандыруға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2021 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды. |