Лого проект

Меню

Страницы

Статья

VII шақырылымдағы Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда біртұтас сайлау округінің аумағы бойынша Сырдария аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Сырдария ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 22827 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 18903 адам немесе 82,81 пайызы алды.

Дауыс беруге 18903 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 6 сайлаушы дауыс берді, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 351 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партияларға келесідей дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы  – 14962 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 79,73 % пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3374 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 17,98 % пайызы;

 «ADAL» саяси партиясы – 430 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 2,29 % пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан жоғары дауыстарын алған саяси партиялар үшін келесідей депутаттық мандаттар бөлінісі белгіленді:

«Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат; 

Сырдария аудандық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 января 2021
Дата обновления
13 января 2021
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы