
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған шығыстар
Төтенше жағдай кезеңінде азаматтар мен экономиканы қолдау мақсатында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағытында Сырдария ауданына республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 501,1 млн.теңге және облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 1216,1 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.
Аталған қаражаттар мәдениет, білім, спорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 20 жобаны іске асыруға бағытталды.
Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен берілген 501,1 млн.теңге келесідей нысандар бойынша:
-Тереңөзек кенті клубын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,6 млн.теңге;
-А.Тоқмағанбетов ауылдық клубы ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,6 млн.теңге;
-Шаған ауылындағы Есет би тұйығын және Омарова көшесін абаттандыру (ойын алаңы) жұмыстарына 11,7 млн.теңге;
-Тереңөзек кентінде Керейтбаев, Қазақ, Мұратбаев, Қызылдихан, Б.Өтепов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 204,9 млн.теңге;
- Шаған ауылындағы Мыханов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 22,6 млн.теңге;
-Шіркейлі ауылындағы Бесөзек, Құттыбаев, Ыдрысов, Тоққожаев, Ғарышкер, Қуатов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 92,1 млн.теңге;
-С.Сейфуллин ауылындағы ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына 94,2 млн.теңге;
-Айдарлы ауылындағы Қалымбет көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 64,4 млн.теңге қаралған.
Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 1216,1 млн.теңге келесідей нысандар бойынша:
-Тереңөзек кентінің тұрғын кварталындағы 18 пәтерлі №1 тұрғын үй және 6 пәтерлі жапсарластыра салу арқылы 18 пәтерлі №2 тұрғын үй құрылысына 466,2 млн.теңге;
-А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 мектеп жер төлесін жаттығу залына айналдыру жұмыстарына 41,0 млн.теңге;
-аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жанадария» 10-25 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 389,9 млн.теңге;
-Қалжан Ахун ауылындағы №126 орта мектебінің сыртқы және ішкі су кәріз жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарына 8,8 млн.теңге;
-Бесарық ауылындағы А.Дүйсенбаев көшесі 4А мекен жайда орналасқан №147 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 81,7 млн.теңге;
-Жетікөл елді мекеніндегі №174 орта мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына 54,3 млн.теңге;
-Жетікөл елді мекеніндегі тұтынушылардың учаскелерінің шекарасына ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы мен ауыз су жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарына 142,5 млн.теңге;
-С.Сейфуллин елді мекенінде Шортанбай би көшесіне балалар ойын алаңын орнату жұмыстарына 4,5 млн.теңге;
-Іңкәрдария елді мекенінде әмбебап спорт алаңын орнату жұмыстарына 9,1 млн.теңге;
-Шіркейлі елді мекенінің Ж.Нұрсейтов, Ыдырысов, Қожамжаров, Бейбітшілік, Тоққожаев, Қуатов көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 14,2 млн.теңге;
-Қалжан Ахун елді мекенінде балалар спорт алаңын орнату жұмыстарына 3,9 млн.теңге қаралған.
2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 нысан бойынша 1583,4 млн.теңге міндеттемеге қабылданып, кассалық атқарылуы 1413,0 млн.теңгені құрады.
Инфрақұрылымдық жобалардың 10-ының қаржысы толықтай игеріліп, жұмыстары аяқталған.
Қосымша берілген 5 жобаның мемлекеттік сатып алу нәтижелері шығып, қазіргі таңда келісім шарттарды Қазынашылық басқармасынан тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Дағдарысқа қарсы қаражат шеңберінде коронаравируспен күресуге және эпидемияға қарсы іс-шараларға ауданның жергілікті атқарушы органының резерві есебінен шығыстар көзделген. ҚР-да төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «COVID-2019» короновирустық инфекцияның аудан аумағында таралуын тоқтату мақсатында қажетті дезинфекциялық заттарды, арнайы қорғаныс киімдерін, блок бекеттердегі кезекші қызметкерлерді тамақтандыру және т.б. қажетті заттарды алу мақсатында 50,0 млн.теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кассалық шығыс 21,3 млн.теңгені құрады.