
2026 жылғы 13 қазанда Сырдария аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Сырдария аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Сырдария аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқаны аясында алғашқы отырысын өткізді.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Сырдария ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
Аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысы туралы;
Аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесін бекіту туралы.
Сырдария аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу мен ұйымдастыруға арналған Күнтізбелік жоспар бекітіліп, күн тәртібінде қаралған өзге де мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.
Қазіргі таңда Сырдария ауданы бойынша барлығы 31 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық, 12 округтік және 18 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Жоғарыда аталған комиссиялардың құрамында жалпы 187 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларында – 7, округтік комиссияларда – 60, учаскелік комиссияларда 120 комиссия мүшесі бар.
Сырдария аумақтық сайлау комиссиясы