Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Сырдария ауданының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» КММ

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Жою механизмі

Мерзімі

Орындалды/

орындалмаған

1

           Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидасына сәйкес, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»,  «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдер Сырдария ауданының әкімдігіне түсіп, одан әрі уәкілетті органға яғни, Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жолданады. Дәлелді бас тарту жағдайында тыңдалым жүргізілетіні көрсетілген. Қағидада тыңдалым нәтижесі нақты қай орган жүргізілетіні туралы көрсетілмеген.

                Осыған байланысты, тыңдалым нәтижесін қай орган жасайтыны туралы нақтыланып, Қағидаға өзгеріс енгізу қажеттігі туындауда. Бұл мәселені нақтылау мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді деп санаймыз. Өйткені бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы ықтимал.          

         ҰСЫНЫМ:

                «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының қағидаларына өзгеріс енгізу.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне

7 тамыз 2026 жылғы

№ 12-13/2159 хат

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары»-ның ІІ-тарауы 9-тармағына сәйкес мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл-бір өнім» финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен қатар заңды тұлғаларды қоспағандағы шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Осы ретте грант конкурсына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын шектелуіне әкеліп соғуы мүмкін.

 ҰСЫНЫМ:

Жоғарыдағы аталған қаулыға заңды тұлғаларады қоспағандағы шағын кәсіпкерлік субъектілері  (оның ішінде әлеуметтік осал топтарына жатқызылатын санатын қоса алғанда) қатыса алатындығы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі ұсынылады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына

16 шілде 2026 жылғы

№02-05/234 хаты

 

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» КММ

3

      Бөлімде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы зерделенді.

Заңның 10 бабының 3-тармағында коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүліктің берілу тәртібі айқындалған.

Алайда, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беру жөнінде (4 деңгейден 4 деңгейге беру, алу) тәртібі көрсетілмеген. Осыған ұқсас, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі мүлікті облыстық коммуналдық меншікке беру және облыстық коммуналдық меншіктен тікелей қабылдап алу қарастырылмаған.

Қазіргі таңда, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі мүліктерді облыстық коммуналдық меншікке беру және қабылдау кезінде мүлік алдымен ауданның коммуналдық меншігіне қабылданып, ауданның коммуналдық меншігіне тіркеліп барып, облыстық коммуналдық меншікке беріледі немесе қабылданады. Бұл бюджет қаржысына тиімсіз болып отыр.

ҰСЫНЫМ:

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі мүлікті, мүліктік кешенді жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беру тәртібін енгізу (4 деңгейден 4 деңгейге беру және қабылдау);

Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі мүлікті, мүліктік кешенді облыстық коммуналдық меншікке беру және облыстық коммуналдық меншіктен тікелей қабылдауды енгізу.

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасына 3 тамыз 2026 жылғы №01-14/627 хат

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» КММ

4

Бөлімнен құрылған комиссияның шешімімен әлеуметтік жобаларға мемлекеттік тапсырыс өтінімдері бар конверттерді қабылдау жүргізіледі. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы ықтимал.

ҰСЫНЫМ:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 527-НҚ бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының 10-тармағы, 1-тармақшасында «қатысуға өтінімдері бар конверттерді қабылдайды» деген сөзді «барлық ақпараттық тапсырысты мемлекекттік сатып алу веб-порталы арқылы қарау» деп өзгеріс енгізу

 

Облыстық қоғамдық даму басқармасына 3 тамыз 2026 жылғы № 03-1/193 хаты

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

5

Бөлімде «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысы зерделенді.

                Аталған қаулының 6 тармағында: аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру/балалардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) арқылы жүзеге асырады делінген.

Соттың шешімімен мүгедектігі бар адам әрекетке қабілетсіз деп танылғаннан кейін бөлімнен қорғаншы тағайындалады. Е-гов порталы арқылы «Е-Собес» ақпараттық жүйесімен өтініш түскенде, ұсынылған құжаттар негізінде е-гов порталынан қорғаншылық белгілеу туралы электронды түрде бұйрығы әзірленеді.

Электронды бұйрықта органның атауы Қызылорда облысының «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп көрсетілуде.

                Алайда, Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №199 қаулысымен бөлімнің атауы «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.

ҰСЫНЫМ:

«Е-Собес» ақпараттық жүйесінде Бөлім атауын қолданыстағы заңды атауына сәйкестендіру үшін өзгерістер енгізу.

Қызылорда облысының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
4 тамыз 2026 жылғы
№ 04-2/442 хаты

2026 жыл

орындалды

 «Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ

6

Жекелеген мәдени іс-шараларға, шығармашылық ұжымдарға немесе ұйымдарға субъективті түрде басымдық берілуі, бюджет қаражатын бөлу кезінде мүдделер қақтығысының туындауы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы шешімдердің қабылдану ықтималдығы бар деп санаймыз.

ҰСЫНЫМ:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 9 бұйрығына аудандық деңгейде бюджет қаражаты есебінен өткізілетін мәдени іс-шараларды іріктеу мен қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ететін нақты өлшемшарттар мен бағалау тәртібін енгізу мәселесін қарастыру жөнінде аталған заң мен қағидаға толықтыру мәселесін енгізу.

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына

20 тамыз 2026 жылғы

№ 02-1/297 хаты

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы» КММ

7

Бөлім Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №291 бұйрығына сәйкес, объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша құрылыс объектісін пайдалану жөнінде есепке алуды жүргізеді. Есепке алу жөніндегі комиссия құрамына пайдаланушы ұйымды қосу керек деп санаймыз. Өйткені бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы ықтимал.        

ҰСЫНЫМ:

«Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 291 бұйрығына сәйкес, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанына құрылыс объектісінің пайдалануға қабылдау комиссиясының құрамына пайдаланушы ұйымды қосу бойынша аталған бұйрыққа өзгерістер енгізу.

Облыстық құрылыс, қала құрылысы басқармасына

31 тамыз 2026 жылғы

№ 06-2/130 хаты

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ

8

Сырдария ауданы әкімдігінің жер пайдалану мерзімі аяқталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін табыстау туралы қаулысы анықталды.

Мәселен, Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №17 қаулысымен «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы табысталған жалпы көлемі – 6000,0 гектар жер учаскесіне жер пайдалану құқығы мерзімі аяқталған.

Алайда көрсетілген жер учаскесінің пайдалану құқығы тоқтатылғанына қарамастан, аталған жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына алынбаған. Бұл өз кезегінде аталған жер учаскелерін басқа да жер пайдаланушыларға құқық беру мүмкіндігін шектеуге алып келеді.

ҰСЫНЫМ:

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №17 қаулысымен табысталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің пайдалану мерзімі аяқталуына орай ауданның арнайы жер қорына енгізу

Қаулы жобасы әзірленіп, сараптамадан өтуде.

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ

9

Сырдария ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №5 қаулысына сәйкес «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Бөлімнің Кәсіпорны болып қайта аталған. Аталған қаулымен бекітілген Кәсіпорынның жарғысында кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Бөлім болып көрсетілгенімен, Бөлім ережесіне енгізілмеген.

ҰСЫНЫМ:  

Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235  қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (04.12.2024 жылы № 282 аудан әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізілген) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Бөлім ережесінің жобасы әзірленіп, сараптамадан өткізілуде.

2026 жыл

орындалды

«Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» КММ

10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.

Айта кететін жайт, «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында тұрғын үйді жалдауға жұмсалған шығыстарды тәулігіне өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – төрт еселенген мөлшерінен, ал ауылдық округтерде – екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс екендігі көрсетілген.

Аталған қаулыға сәйкес, қызметтік іссапар шығыстарын әртүрлі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеу кезінде мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тәуекелдер туындауы және жекелеген қызметкерлерге артықшылық беру жағдайлары орын алуы мүмкін.

ҰСЫНЫМ:

«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгеріс енгізу.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 12 тамыз 2026 жылғы 06-02/291 хаты

2026 жыл

орындалды

 

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы