Лого проект

Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы III-тоқсан(2026 жыл)

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағида басшылыққа алынып, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның сенім білдірілген өкілі болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (бұдан әрі – Отбасы банкі) анықталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (№72 МӘС қағидалары) ҚР Ұлттық экономика министірінің 2026 жылғы 25 маусымда №84 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, 2026 жылдың 05 шілдесінен бастап күшіне енді.

2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 тенгені құрап, тұрғын үй несиесінің көлемі аудан орталығына 2500 АЕК – 10 812 500  теңге, ауылдық округтерге 2000 АЕК – 8 650 000  теңге, көтерме жәрдемақының көлемі      100 АЕК- 432 500  теңге болып бекітілген.

Сырдария ауданы бойынша 2026 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласынындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй несиесіне 24 маман, көтерме жәрдемақыға 66 амандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» және көтерме жәрдемақыға қаражат төленді.

Дата публикации
09 октября 2026
Дата обновления
09 октября 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы