
2026 жылдың ІIІ тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы –138 өтініш түсті.
Келіп түскен барлық 138 өтініштің 21-і оң шешімін тапса, 117-не заңға сәйкес түсініктер берілген.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратына жоғары тұрған және құқық қорғау органдарынан және басқа мемлекеттік мекемелерден барлығы – 10 өтініш келіп түскен.
2026 жылдың ІІI тоқсанына жеке мәселелер бойынша барлығы 32 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. Оның ішінде: 21 тұлға аудан әкімінің қабылдауында, 10 тұлға міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарларының және 1 тұлға аппарат басшысының қабылдауында болып, өтініштері заңдылықтарға сәйкес қаралды.