
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау және тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасарының жетекшілігімен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар іске асырылды.
Аталған бағытта аудан көлемінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен ашық пікір алаңдары ұйымдастырылып, Жолдауда көтерілген цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, экономиканы әртараптандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында аудан аумағында 11 билборд орнатылып, көрнекі үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылды.
Жалпы қорытылай келе, аталған жұмыстар ел Президентінің стратегиялық бастамаларын халық арасында кеңінен түсіндіруге, қоғамда оң көзқарас қалыптастыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуына өз үлесін қосты.