Лого проект

Меню

Страницы

Статья

2026 ЖЫЛҒЫ 23 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы Сырдария ауданына қарасты №154, 156, 158, 159, 160, 162, 165, 168, 171 сайлау учаскелерін аралап мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, облыс әкімі аппараты, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысуымен 7-9 тамыз аралығында сайлау учаскелерінің дайындығы, сайлау учаскелерінде пандустар, ыңғайлы кіреберістер, арнайы кабиналар және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған құралдар мен автотұрақтар және кресло-арбамен жүріп-тұратын азаматтардың учаскеге кіру мүмкіндігі қаралды. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді дауыс беру күніне дейін жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сырдарьинская районная избирательная комиссия

Дата публикации
14 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы