Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында 9 жаңа учаске жұмыс жасайды

Құрылтай сайлауында Қызылорда өңірінде жаңадан 9 учаске жұмысын бастайды. Оның 7-і Қызылорда қаласында, 1-і Қазалы ауданында, 1-і Шиелі ауданында ашылады. Аймақ бойынша барлығы 386 учаске құрылады. Мұнда 2720 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қызмет атқарады. Құрылтай сайлауын ұйымдастырудың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2 тамыздан бастап учаскелер өз жұмысын бастайды. Аймақта 500 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімі өзектендірілуде. 7 тамыздан бастап азаматтар өз учаскесінен есептен шығару куәліктерін ала алады. Есептен шығару куәлігі сайлаушыға бір рет ғана беріледі.

Дата публикации
15 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы