Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудандық «Отбасын қолдау орталығы» мекемесінің жұмысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сырдария аудандық «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысты. Орталықтың материалдық-техникалық базасы, мамандардың қызметі және тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы қаралды.
Орталықтың негізгі қызметі – отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау көрсету.
Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мекеме жұмысымен танысу барысында аудан басшысы отбасы институтын нығайту, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін дер кезінде анықтап, оларға жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
– Отбасын қолдау орталығы – халыққа нақты көмек көрсететін маңызды әлеуметтік мекеме. Сондықтан әрбір азаматтың мәселесіне бейжай қарамай, кәсіби әрі сапалы қызмет көрсету қажет. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мекеме жұмысының тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
09 июля 2026
Дата обновления
09 июля 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы