Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер (ІІІ тоқсан 2020 жыл)

№

Мәселенің мазмұны

Орындалуы

 

1

Бесарық елді мекеніндегі ауыл ішілік көшелерді асфальттау (С.Минайдаров, Ғ.Мұратбаев) 

Бесарық  елді мекеніндегі  Мінайдаров, Мұратбаев, Тәженов, Әуезов, Өтешов, Тәуелсіздік көшелерінің жалпы ұзындығы 8,43  шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 246470 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

2

Шаған ауылында орналасқан Қазпошта АҚ бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

ғАуылдық пошта бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыл әкімі тарапынан аудандық пошта байланыс торабының басшысы Ғ.Кенжебаевқа 2020 жылдың 5 ақпанында ұсыныс хат  жолданып, нәтижесінде «Казпошта» АҚ аудандық филиалы тарапынан 10 қап цемент алып берілді. Алынған 10 қап цементке ғимараттың ескерген еденінің орнына бетон жабындысы жасалды.

3

Қалжан ахун ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу (Қайқы батыр, Н.Шідербаев)

Қалжан ахун елді мекеніндегі  Қайқы батыр, Н.Шідербаев көшелерінің жалпы ұзындығы 1,57 шақырымды құрайтын  жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 40 505,0 мың теңгеге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Бейнебақылау жүйесін орнату бойынша аудандық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды;

Бейбітшілік көшесін жарықтандыруға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Бейбітшілік көшесі толық жарықтандырылды;

Н.Шідербаев көшесін жарықтандыру жұмыстары аудандық бюджеттен атқарылатын болады.

4

Қалжан ахун елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу

Елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияны облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

5

С.Сейфуллин ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу және Сәрке батыр көшесіне жаяу жүргіншілерге арнап тротуар салу

С.Сейфуллин елді мекеніндегі Есқұл, Әбдрей, Әуелбай, Мұрат, Бәйтен батыр, Зейін көшелерінің жалпы ұзындығы 5,94 шақырымды құрайтын жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 105 142,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сәрке батыр көшесіне тротуар салу жұмыстарының ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 215,2 мың теңге бөлініп, жобалық құны 27,9 млн. теңгенің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды.

6

С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

№137 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

7

А.Тоқмағамбетов елді мекенінде жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында А.Тоқмағамбетов ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жобасы бастамасын алды. Жоба құны 164,9 млн. теңге. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы конкурс жарияланды.

8

Тереңөзек кентіндегі Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу

Т.Қозыбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарына осы жылы жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, аталған көшенің тас төсеу жұмыстарына 2021 жылға  бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

9

Тереңөзек кентіндегі Қызылдихан көшесін жарықтандыру

Кенттегі Қызылдихан көшесін жарықтандыруға байланысты ЖСҚ жасату үшін бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы