
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сырдария ауданы әкімі аппараты, Сырдария аудандық тұрғын – үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
Тереңөзек кенті 30 сәуір 2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
І. «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
ІІ. «Сырдария аудандық тұрғын – үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
ІІІ. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
|
Зұлқарнаев Ернар Зұлқарнайұлы
Қожахметов Серік Бахытұлы
Беймбетов Ержан Бақытұлы
Бақытжанұлы Мейірхан
|
-
-
-
- |
Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, топ жетекшісі; Топ мүшелері: Сырдария ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы; Сырдария ауданы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы; Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; |
|
Есмағанбетова Айнұр Амантайқызы
|
-
|
Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. |
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
І. «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты) талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Аудан әкімі аппараты - құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аудан әкімі аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Есепті кезеңде аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекенжайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай Құнанбаев көшесі № 31 ғимарат.
Аудан әкімі аппараттың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚРЗ;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ;
- «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚРЗ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
- «Азаматтық қорғау туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚРЗ;
- «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы;
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы;
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы;
- Сырдария ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қазандағы №213 қаулысымен бекітілген «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.
Тізбектелген нормативті құқықтық актілерге талдау жүргізу нәтижесінде құқықтық олқылықтар анықталмады.
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Кадрлық құрам бойынша:
2025 жылы аудан әкімі аппаратының құрылымында штат саны бойынша 20 мемлекеттік қызметші және 27 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарады.
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
2025 жылы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көрілген тәртіптік жазалар:
4 ескерту;
5 сөгіс;
1 қатаң сөгіс
Мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалар саны - 3.
Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, аппарат қызметшілері қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерге жол берілмеген.
2025 жылы аппаратта сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
Аудан әкімі аппаратында «Цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің мониторингі» бөлімінің ережесі (бұдан әрі - Бөлім) Сырдария ауданы әкімі аппараты басшысының 2026 жылғы 28 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген.
Бөлім - Сырдария ауданында цифрландыру, сайлаушылардың тізімін қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг және ішкі бақылау жүргізуге Сырдария ауданының әкімі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет ететін бөлім болып табылады.
Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, жоғарыдағы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi төмендегідей болып бекітілген.
Бөлім барысында құқықтық мәселелер немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бөлім «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес 5 - мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» 1, 2 кезеңі;
- «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
- «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру».
Бөліммен 2025 жылы 203 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
1) «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі – 40;
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі – 7;
3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі – 6;
4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметі – 9;
5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі – 106;
6) «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметі – 2;
7) «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметі – 33.
Қағидаға сәйкес, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдер Сырдария ауданының әкімдігіне түсіп, одан әрі уәкілетті органға яғни, Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жолданады. Дәлелді бас тарту жағдайында тыңдалым жүргізілетіні көрсетілген. Қағидада тыңдалым нәтижесі нақты қай орган жүргізілетіні туралы көрсетілмеген.
Осыған байланысты, тыңдалым нәтижесін қай орган жасайтыны туралы нақтыланып, Қағидаға өзгеріс енгізу қажеттігі туындауда. Бұл мәселені нақтылау мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді деп санаймыз. Өйткені бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы ықтимал.
ҰСЫНЫМ:
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының қағидаларына өзгеріс енгізу.
Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін,
сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге сыйақы берілмейді.
Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы немесе маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген қағидада жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер нақты мерзімдермен (жұмыс күндерімен) қатаң реттелген. Осы мерзімдердің бұзылуы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің маңызды индикаторы болып саналады. |
орташа |
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025 жылы аудан әкімінің аппараты бойынша мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
Бақылау функцияларын іске асыру
Аудан әкімі аппаратымен ішкі бақылау функциялары іске асырылады.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2025 жылы:
бөлінген қаржы – 183 533 400 теңге
игерілген қаржы – 183 533 400 теңге.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2025 жылдың ішінде аудан әкімі аппаратымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 190 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Аудан әкімі аппаратымен 2025 жылы ақпараттық жүйелер әзірленбеген. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Аудан әкімдігіндегі жалпы құжат айналымы:
2025 жылдың ішінде жалпы құжат айналымының саны 10476 (оның ішінде,
кіріс – 5196, шығыс – 5280) құрады. 2025 жылы барлығы 556 жолданым келіп түсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмысшы органы болып табылады.
2025 жылы Комиссияда барлығы 9 мәселе қаралып, 30 хаттамалық тапсырма берілген. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауға алынған.
ІІ. «Сырдария аудандық тұрғын – үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім) талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекемесі Сырдария ауданы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235 қаулысымен «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілген (04.12.2024 жылы № 282 аудан әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізілген).
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасындағы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қызылорда облысы мен Сырдария ауданы әкімдігі мен әкімнің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, бөлімнің Ережесін басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Орналасқан мекенжайы: Тереңөзек кенті, А.Алиакбаров көшесі № 2/1.
Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Экология Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы;
Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235 қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі (04.12.2024 жылы № 282 аудан әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізілген).
Тізбектелген нормативті құқықтық актілерге талдау жүргізу нәтижесінде құқықтық олқылықтар анықталмады.
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Персоналды басқару бағыты бойынша
2025 жылы Бөлімнің штаттық құрылымында мемлекеттік қызметшілердің саны – 3 бірлік, штаттан тыс қызметкерлер саны – 8 бірлік (оның ішінде – 1 бірлік қызметтік көлік жүргізушісі).
Бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс Аудан әкімі аппараты арқылы өткізіледі.
Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысы негізінде тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге Бөлім тарапынан сыйақы берілмейді.
Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.
|
Сыбайлас жемқорлық тәукеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі |
|
Бөлімнің бас маманы
|
Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау |
Жауапты қызметкердің мердігерлермен жеке мүдделілік байланысы |
орташа |
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025 жылы Бөлім бойынша мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алмаған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлімде 9 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі.
1) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру;
2) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;
3) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу;
4) Тұрғын үй сертификаттарын беру;
5) Ауданаралық (қалааралық, облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарға әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылармен залалдарын субсидиялау;
6) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
7) Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
8) Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;
9) Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.
2025 жылы Бөлім тарапынан барлығы тұрғындарға 83 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде тұрғын үй саласы бойынша 24, жылу маусымы бойынша
59 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бөлімде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлімде рұқсат беру функциясы қарастырылмаған.
Бақылау функцияларын іске асыру.
Бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2025 жылға:
қаралған қаражат көлемі – 4 075 343,8 мың теңге;
оның ішінде:
жалақы қорына жалпы – 46 894,0 мың теңге,
қосымша ақшалай төлемдер (бонус) – 4 747,3 мың теңге
міндетті сақтандыру жарналарына – 5 145,4 мың теңге,
қызметкерлердің ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 2 486,0 мың теңге,
жанар-жағар май материалдарын сатып алуға – 996,5 мың теңге,
өзге де қорларды сатып алуға – 996,6 мың теңге,
байланыс қызметі үшін – 890,0 мың теңге,
өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 18 492,0 мың теңге,
өзге де ағымдағы шығындарға – 33,3 мың теңге,
Игерілгені – 4 068 685,6 мың теңге;
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Бөлім басшысының 2025 жылғы 5 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес,
2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары бекітілді.
2025 жылы ашық конкурс арқылы – 2; тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден – 14; баға ұсыныстары сұрату тәсілі бойынша - 29; электрондық дүкен арқылы – 21; рейтингтік-баллдық жүйені қолдану конкурсы бойынша – 2; алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс – 2; барлығы - 70 мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім шарт жасалынып, қаржылары игерілген.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Бөлім бүгінгі күнге дейін ешқандай ақпараттық жүйелерді әзірлемеген.
Бөлім қызметін жүзеге асыру кезінде мынадай бағдарламалық қамтамасыз етулер мен ақпараттық жүйелер (бұдан әрі - АЖ) пайдаланылады: «Documentolog» электронды құжат айналымы, мемлекеттік органдардың интернет порталы АЖ, «Е-өтініш» АЖ, «Е-қызмет» АЖ және «Kezekte.kz» АЖ.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша
Бөлімге «Е-Өтініш» АЖ арқылы 2025 жылы барлығы 32 өтініш тіркелген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген мерзімінде және сапалы қаралуы қамтамасыз етіліп, барлығына тиісті заңдылыққа сәйкес жауап берілген.
Сырдария ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №5 қаулысына сәйкес «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Бөлімнің Кәсіпорны болып қайта аталған. Аталған қаулымен бекітілген Кәсіпорынның жарғысында кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Бөлім болып көрсетілгенімен, Бөлім ережесіне енгізілмеген.
ҰСЫНЫМ: Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235 қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (04.12.2024 жылы № 282 аудан әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізілген) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санаймыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша
Бөліммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жоспарлары бекітілген.
Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқықтық оқытулар өткізіліп, Бөлім қызметкерлері арасында қызмет барысында және қызметтен тыс кезде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас -жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптар жазбаша түрде таныстырылған.
ІІІ. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім) талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын обьект туралы мәліметтер:
Бөлім құзыреті шегінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №199 қаулысына сәйкес «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталып, Бөлімнің Ережесі бекітілген.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, Бөлімнің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Мекенжайы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті,
Д. Қонаев көшесі, №9 Б.
Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілері зерделенді.
- Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі
№ 151 бұйрығы;
- «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығы;
- «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығы;
- «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығы;
- «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы;
- «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы;
- «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығы;
- «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы;
- «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы;
- «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы;
- «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы;
- «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы;
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешімі;
- «Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешімі;
- «Жеңiлдiк беру туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешімі;
- «Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешімі;
- «Сырдария ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 қазандағы №138 шешімі;
- «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 199 қаулысы.
НҚА талдау жүргізу нәтижесінде қызметтердің процесстерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Есепті кезеңде жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 7 бірлік;
Штаттан тыс қызметкердің саны - 10 бірлік;
Әлеуметтік қызметкерлер саны - 43 бірлік.
Тәртіптік жаза қолданылған қызметшілердің саны- 5:
Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау фактілері орын алмаған.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстан тыс тағайындалу Аудан әкімі аппараты арқылы жүргізілді.
Есепті мерзімде Бөлімде сыбайлас жемқорлық санатына жататын заң бұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.
|
Сыбайлас жемқорлық тәукеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері деңгейі |
|
Бөлімнің сектор меңгерушісі |
Тәртіптік теріс қылық түрін анықтау |
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде құжаттарды әдейі созу немесе негізсіз кері қайтару |
2025 жылы анықталмаған.Орташа |
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша
Бөлімді талдау кезеңінде сыйақы алу рәсімдеріне талдау жүргізілді. Бөлім басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерден бастап штаттан тыс кызметкерлерге дейін 1 (бір) мәрте жаңа жыл қарсаңында сыйақы берілді.
Анықтама үшін: «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысының негізінде сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Бөліммен 13 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2025 жылы:
Тұрғын үй көмегі бойынша көрсетілген мерзімде барлығы 9 отбасына тағайындалып төленді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 66 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 66.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 93 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 89, бас тартылды - 4.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 217 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 204, бас тартылды - 13.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 1015 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 997, бас тартылды - 18.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету бойынша көрсетілген мерзімде барлығы -50 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 48, бас тартылды - 2.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 140 өтініш түсті, оның ішінде орындалды – 136, бас тартылды - 4.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 198 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 178, бас тартылды - 20.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 51 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 50, бас тартылды - 1.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 41 өтініш түсті, оның ішінде орындалды - 41, бас тартылды - 0.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну бойынша көрсетілген мерзімде барлығы - 15 өтініш түсті, оның ішінде бас тартылды - 0.
Есепті кезеңде Бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтің кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылу жағдайы орын алмаған. Мемлекеттік қызметті алушылармен арыз-шағымдар келтірілмеген.
Сондай-ақ, Бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтер кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын алынбаған.
Көрсетілген қызметтерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан арыз немесе өтініштер түспеген. Осы ретте, қызмет көрсету барысында құжаттарға және ақпараттық жүйелерде қызмет көрсету бойынша кемшіліктер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген талаптардың жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар анықталмаған.
Бөлімде «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысы зерделенді.
Аталған қаулының 6 тармағында: аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру/балалардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) арқылы жүзеге асырады делінген.
Соттың шешімімен мүгедектігі бар адам әрекетке қабілетсіз деп танылғаннан кейін бөлімнен қорғаншы тағайындалады. Е-гов порталы арқылы «Е-Собес» ақпараттық жүйесімен өтініш түскенде, ұсынылған құжаттар негізінде е-гов порталынан қорғаншылық белгілеу туралы электронды түрде бұйрығы әзірленеді.
Электронды бұйрықта органның атауы Қызылорда облысының «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп көрсетілуде.
Алайда, Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі
№199 қаулысымен бөлімнің атауы «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
ҰСЫНЫМ:
«Е-Собес» ақпараттық жүйесінде Бөлім атауын қолданыстағы заңды атауына сәйкестендіру үшін өзгерістер енгізу.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру бөлімнің құзыреттілігінде көзделмеген.
Бақылау функцияларын іске асыру.
Бөліммен бақылау функциялары іске асырылмайды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2025 жылға:
Қаралған қаржы – 826834,3 мың теңге
оның ішінде:
жалақы қоры –72687,1 мың теңге;
міндетті сақтандыру жарналары- 7773,6 мың теңге;
қызметкерлердін іс сапары –1967,7 мың теңге;
жанар-жағар май сатып алу – 619 мың теңге;
өзге де қорларды сатып алу – 2040,2 мың теңге;
байланыс қызметіне – 838,5 мың теңге;
ақпарат саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу – 360,0 мың теңге;
өзгеде қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу – 610,2 мың теңге;
өзге де ағымдағы шығындар – 33 мың теңге;
Ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеренар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан республикасының Заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету – 39446,0 мың теңге;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 29536,0 мың теңге;
Тұрғын үй көмек көрсету – 483,0 мың теңге;
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек – 87960,0 мың теңге;
1999 жылдың 26 шілдесінде "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау – 90,0 мың теңге;
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету – 8045,0 мың теңге;
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 256,0 мың теңге;
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету – 187806,0 мың теңге;
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл – 353697,0 мың теңге;
Мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары – 3230,0 мың теңге
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру – 12693,0 мың теңге;
Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру – 9548,0 мың теңге;
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары – 7115,0 мың теңге.
Игерілгені– 826787,9 мың теңге;
Қалғаны – 46,4 мың теңге.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Бөлімде ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүйесі қарастырылмаған.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:
- Есепті кезеңде барлығы 3260 (кіріс-2370, шығыс-890).
Өтініштер бойынша:
Талданып отырған кезеңдерде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді тіркеу, қарау барысы зерделенді.
2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 18 өтініш келіп түсті, оның ішінде өтініштер – 7, ұсыныстар – 7, басқасы – 4. Барлығына заңға сәйкес жазбаша жауап берілген, 2 өтініш басқа органға құзыреті бойынша қайта жолданды.
Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.
Заңнамадағы белгіленген талаптарға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің қарау мерзімі күнтізбелік 15 күнге қойылып орындаушыға ұсынылады.
Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша "Әкімшілік-рәсімдік процесстік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талдау жасалды. Талдау барысында мерзімі кешігіп орындалғандар анықталмады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты: Бөлімнің жеке қабылдау кестесі Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9Б мекен жайында орналасқан. Әкімшілік ғимаратының 1 қабатында көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі орналасқан.
Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәлімеметтерге сәйкес бөлім қызметшілері қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.
Есепті кезеңде бөлімде сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау нәтижесінде Сырдария ауданы әкімі аппараты, Сырдария аудандық тұрғын – үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша,
ҰСЫНЫМДАР
1.2. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрықтың қағидаларына өзгеріс енгізу.
1.3 Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235 қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Сырдария ауданы әкімдігінің 04.12.2024 жылы № 282 қаулысымен өзгерістер енгізілген) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
1.4 «Е-Собес» ақпараттық жүйесінің әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті жүйеде мекеме атауын қолданыстағы заңды атауына сәйкестендіру үшін өзгерістер енгізу.
2.1 Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыным хат жолдау.
3.1 Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 235 қаулысымен бекітілген «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Сырдария ауданы әкімдігінің 04.12.2024 жылы № 282 қаулысымен өзгерістер енгізілген) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Сырдария ауданы әкімдігіне ұсыным хат жолдау.
4.1 «Е-Собес» ақпараттық жүйесінің әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті жүйеде мекеме атауын қолданыстағы заңды атауына сәйкестендіру үшін өзгерістер енгізуге Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс хат жолдау.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау, іс-шара жоспарын құру.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобының жетекшісі:
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің басшысы Е. Зұлқарнаев
Жұмыс тобының мүшелері:
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
бөлімінің басшысы С. Қожахметов
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің
мониторингі бөлімінің басшысы Е. Беймбетов
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің
басшысы М. Бақытжанұлы
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
басшысы А. Есмағанбетова
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Аппарат басшысы Н. Ешниязов