Лого проект

Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Б.Ә. Сәрменбаевтың 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында кент және ауылдық округтердегі халықпен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің ХАТТАМАСЫ

№

Хаттамалық тапсырма

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Орындалу жағдайы

    Айдарлы ауылы

1.             

«Ақарық» каналы арқылы аяқ су келтіру бойынша зерделесін

01.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

Айдарлы ауылдық округінің әкімі

Тапсырма орындалды.

«Ақарық» каналына толық зерттеу және өлшеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде каналдың қазіргі техникалық жағдайы механикалық тазалау және гидротехникалық құрылғы салу жұмыстарын жүргізуге тиімсіз екендігі анықталған. Сырдария өзенінің су деңгейінен Ақарық каналының табаны 1 метр 64 см жоғары орналасқан.

2.             

«Қызылорда-Айдарлы» автожолы бойына төрт түлік малға арналған жол белгісін орнату жұмыстарын жүргізсін

01.03.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Полиция бөлімі

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Айдарлы ауылдық округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Айдарлы ауылдық округінің әкімдігі тарапынан «Қызылорда-Айдарлы» автожолының Айдарлы ауылының екі жағына төрт түлік малға арналған жол белгісін орнату үшін

Полиция бөлімі мен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс хат жолданды. Қазіргі уақытта аталған жол белгілерін орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

3.             

Ш.Ілиясов, М.Нұртаза және Қ.Сәтбаев көшесінің қалған бөлігіне жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп бюджеттік өтінім ұсынсын

01.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Айдарлы ауылдық округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

«ПСК Қабілет» ЖШС арқылы күрделі жөндеуге жоба әзірленіп, тиісті облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жоба құны – 217 млн. теңге.

4.             

Д. Датқа, А.Құнанбаев, А. Жиренов, М. Әйтпенбет, Д. Қалымбет  көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жүргізсін

01.07.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Айдарлы ауылдық округінің әкімі

Мерзімі бар

Елді мекен көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату үшін 3,7 млн. теңгеге жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жетікөл ауылы

 

5.             

Жаңа мәдениет үйінің жобасын ұсынсын

01.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Жетікөл ауылдық округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Жетікөл ауылдық округінде 100 орынға арналған ауылдық клуб ғимаратын салуға байланысты оның орналасатын жерінің құжаттары дайындау үшін аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөліміне сұраныс хат жолданды. Алайда, ҚР Үкіметінің қаулысымен 2029 жылға дейін мәдениет саласына байланысты құрылысты жүргізуге мораторий жарияланған. Осыған байланысты, қазіргі таңда жер құжаттарын рәсімдеу мен жұмыстар шектелуде.

6.             

«Хозцентр» каналының су таспасын жөндеу жұмыстарын жүргізсін

01.05.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазев

«Сырдариясушар» өндірістік учаскесі

Жетікөл ауылдық округінің әкімі

Тапсырма бақылауда

Каналдың су таспасын жөндеу жұмыстарын жүргізілуде

7.             

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық елді мекенге түсіндірме жұмыстарын жүргізсін

15.01.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастастары бөлімі

кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Тапсырма орындалды

2026 жылдың 13-16 қаңтар аралығында Жаңа салық кодексі туралы, электронды сауданы дамыту және қаржы ұйымдары арқылы несие алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қаржы ұйымдарының қатысуымен арнайы жұмысшы тобы кент және ауылдық округтерін аралап, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Аманкелді ауылы

8.             

Қосапан елді мекені көшесіне қиыршық тас төсеу жобасын әзірлесін

 

20.01.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

          Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

«Проек строй» мекемесі арқылы демеушілік есебінен жоба әзірленуде

9.             

А. Ағайдаров көшесін күрделі жөндеуге және жаяу жүргіншілер жолын салуға жобалар ұсынсын

20.01.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

Тапсырма орындалды

Жоба әзірленіп (64 млн. теңге)., аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылды

10.          

 «Қызылорда-Аманкелді-Айдарлы» автожолы бойына төрт түлік малға арналған жол белгісін орнату жұмыстарын жүргізсін

25.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Полиция бөлімі

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

 

Тапсырма орындалды

«Қызылорда-Аманкелді-Айдарлы»  автожолы бойына төрт түлік малға арналған 2 дана жол белгісі орнатылды

11.          

Елді мекендегі спорт ойын алаңын Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне беру жұмыстарын аяқтасын

31.05.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі

Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

 

 

Тапсырма орындалды

Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Е.Ахетовтың 10.03.2026 жылғы Мүліктерді Сырдария аудандық коммуналдық мүлік деңгейінен Аманкелді ауылдық округтің коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы №32 шешімі шықты және Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысы М. Ерташовпен Аманкелді ауылдық округі әкімі

З. Жаманкулов тапсыру актісі жасалған.

12.          

«Шопан ата» демалыс аймағы жұмысын қайта жаңтырту бойынша ұсыныстар енгізсін

01.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

«Шопан ата» демалыс аймағы жұмысын қайта жаңтырту бойынша «Шопан ата» демалыс аймағының директорына ұсыныс хат жолданды

13.          

Т. Тышқанбаев, Қ. Баймағанбетов, А. Ағайдаров көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жүргізсін

01.07.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аманкелді ауылдық

 округінің әкімі

Мерзімі бар

Аудандық экономика және қаржы бөліміне бджеттік өтінім ұсынылды (1,5 млн. теңге)

  Бесарық  ауылы

14.          

Учаскелік полиция инспекторын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды үйлестірсін

01.06.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Полиция бөлімі

Бесарық  ауылдық

 округінің әкімі

Мерзімі бар

15.          

№147 орта мектебіне балаларды тасымалдайтын автокөлік алуға ұсыныстар енгізсін

20.12.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Білім бөлімі

 

 

 

Тапсырма орындалды

№147 орта мектебіне балаларды тасымалдайтын автокөлік алуға облыстың білім басқармасына 04.12.2025 жылғы №01-18/781 санды хатымен қосымша бюджеттік сұраным ұсынылды.

16.          

Су мұнарасын ауыстыруға тиісті ұсыныстар енгізсін

01.05.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

«Сыр суы» мекемесі

Бесарық  ауылдық

 округінің әкімі

 

Мерзімі бар

Айдарлы, Аманкелді, Бесарық ауылдары мен Тереңөзек кенті № 4 су қоймасының су мұнараларын ауыстыруға есептемелер әзірленіп, ұсынылды

17.          

Мәдениет үйіне үйірме жетекшісіне 2026 жылы штат бөлу жұмыстарын жүргізсін

01.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі

Бесарық  ауылдық

 округінің әкімі

Тапсырма орындалды

Бесарық ауылдық мәдениет үйіне би үйірмесі жетекшесіне 1 штат бірлік бөлінді

                                                                                                     Қоғалыкөл ауылы

18.          

 «Томарөткел» каналын тазалау жұмыстарын жүргізсін

01.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

«Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

Қоғалыкөл ауылдық

 округінің әкімі

 

 

Тапсырма орындалды

Қоғалыкөл ауылы бойынша «Томарөткел» және ауылішілік каналдардың 4,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді

19.          

Ауыл ардагерлерін облыстық және аудандық мәдени маңызы бар шараларға қатысуын қамтамасыз етсін

01.06.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі

Қоғалыкөл ауылдық

 округінің әкімі

 

 

 

Тапсырма  орындалды

Ауыл ардагерлер кеңесі төрағасы С.Каюповтың ұйымдастыруымен және демеушілердің есебінен ақпан және наурыз айларында 45 ардагер зейнеткер 3 рет Қызылода қаласының көрнекті жерлерін аралады. Сонымен қатар 2 рет аудандық мәдени маңызы бар іс-шараларға қатыстырылды

  Шіркейлі ауылы

20.          

Ардагерлерге шипажайларға жолдама беру мүмкіндіктерін қарастырсын

25.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Жұмыспен қамту және әлеуметтік   бағдарламалар бөлімі

 

 

Тұрақты бақылауда

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімінде ардагерлерге шипажайға жолдама беруге қаржы қарастырылмаған. Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі арқылы санаторийлік-курорттық емделу үшін шипажайға жолдамаға тапсырыс бере алады.

                                                                                                       Н.Ілиясов ауылы

21.          

Ауыл тұрғындарының қажеттілігіне орай жедел жәрдем қызметінің тұрақты жұмыс жасауын үйлестірсін

 

 

 

    тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аудандық аурухана

 

Н.Ілиясов ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

Нағи Ілиясов ауылы бойынша ауыл тұрғындарының түңгі шақыртуларын Нағи Ілиясов дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері бас дәрігермен бекітілген кезекшілік кестесі бойынша орындауда.

22.          

Ауылға дәрігер тарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізсін

10.12.2025 ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аудандық аурухана

Н.Ілиясов ауылдық

округінің әкімі

 

Тапсырма орындалды

Ауылға дәрігер тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауыл тұрғыны Олинова Сәрсенкүл 0,5 штаттық бірлікпен 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап дәрігер болып қабылданды.

23.          

Мүгедектігі бар ауыл тұрғындарына тиісті көмектер мен жеңілдіктер берілу бойынша мамандар көмегі ұйымдастырылсын

10.12.2025 ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аудандық аурухана

Н.Ілиясов ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

Мүгедектігі бар ауыл тұрғындарына тиісті көмектер мен жеңілдіктер берілуі бойынша ауылдық емхана тарапынан мүгедектігі бар ауыл тұрғындарына тиісті көмектер мен жеңілдіктер бойынша толығымен мамандар көмегі берілуде.

                                                                                                          Шаған ауылы

24.          

Ә.Омаров көшесін асфальттау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізсін

 

 

01.04.2026 ж

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Аудандық ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрақты бақылауда

Ә.Омаров көшесін асфальттау жұмыстары 2025 жылға бөлінген қаржысы бойынша толық аяқталды. Қалған 450 метр жерін асфалттау қаржы бөлінуіне байланысты жүргізіледі

25.          

Ә.Тұйғынов көшесін асфальттау барысында көмілген көру құдықтарының орнын қалыпқа келтірсін

01.12.2025 ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Аудандық ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тапсырма орындалды.

Тұйғынов көшесін асфальттау барысында көмілген көру құдықтары мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС арқылы қайта қалпына келтірілді.

26.          

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының Шаған ауылы тұсынан жылдамдықты шектеу белгісін қою бойынша шара қабылдасын

15.12.2025ж

 Аудан әкімінің орынбасары

             Р.Еспенбетов

Аудандық полиция бөлімі

Шаған ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының Шаған ауылы тұсынан жылдамдықты шектеу белгісін қою бойынша «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары С.Мырзағалиевтың хатына сәйкес, ҚР Жол жүрісі қағидаларына сәйкес бөлу жолағы бар жолдарда 110 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен рұқсат етілуіне байланысты, Шаған ауылы аумағындағы айналма жолға шектеу жол белгілерін орнату қажет етпейтіндігі жазылған

27.          

Ауылдық емхана дәрігерлерін тәжірибе алмасу мақсатында облыстық емдеу орталығына жіберілуін қамтамасыз етсін

20.12.2025 ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аудандық аурухана

Тұрақты бақылауда

Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының дәрігерлері жыл көлемінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен және республика деңгейіндегі семинарларға және біліктілігін арттыру курстарына жоспарға сәйкес жолданып отыратын болады.

                                                                                                  Іңкәрдария ауылы

28.          

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының Іңкәрдария жолы тұсындағы қауын базары жерінің құжаттарын қайта қарап, орнын ауыстыру бойынша ұсыныс енгізсін

03.03.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастастары бөлімі

Іңкәрдария ауылдық

округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Қазіргі күні қауын базарының орнын ауыстыру үшін жер құжаттары жасауға тиісті жұмыстар атқарылуда

29.          

Елді мекендегі дәрігерлік амбулатория ішінен дәріхана ашу бойынша ұсыныс енгізсін

02.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

аудандық аурухана

Іңкәрдария ауылдық

округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Іңкәрдария ауылдық округінде дәріхана ашу жөніндегі ұсынысты Тереңөзек кентіндегі Lab service ЖШС-нің аудандағы өкілі А.Тәжібаевқа жеткізілді. Ауыл халқы аз болғандықтан бір ауылда дәріхана филиалын ашу серіктестікке тиімсіз екенін айтып, екі ауыл халқына тиімді етіп Ақжарма ауылдық округінде ашу үшін тиіс жұмыстар жүргізілуде.

30.          

«Үлгілі елді мекен» байқауы нәтижесінде берілетін 15 млн. теңгеге балалар ойын алаңын салу жобасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсынсын

26.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

            Р.Еспенбетов

Іңкәрдария ауылдық

округінің әкімі

 

 

Тұрақты бақылауда

«Үлгілі елді мекен» байқауы нәтижесінде берілетін  15 млн теңгеге балалар ойын алаңын салу сметалық жобасының құжаттары «Іңкәрдария Агро» фермерлік қожалығының демеушілік есебімен қазіргі кезеңде дайындалуда.

                                                                                                   Ақжарма ауылы

31.          

Шаруашылық мақсатында алған жерлерді ор қазу арқылы қоршаған жер иелерін анықтап, заңға сәйкес шара қолдансын

25.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастастары бөлімі

Ақжарма ауылдық

округінің әкімі

Тапсырма орындалды

Ақжарма ауылдық округі әкімшілігі мамандарымен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мамандары бірлесіп  аталған ор қазылған жерге барып, ор қазу арқылы қоршалған жер иелерін анықтады. Аталған кемшіліктер ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы хаттамаланып, заңға сәйкес шара қолдану үшін жоғары тұрған органға жолданды.

32.          

Домбаев көшесінен ауыз су қоймасына барар жолға қиыршық тас төсеуге жоба әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсынсын

26.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

            Р.Еспенбетов

Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

Ақжарма ауылдық

округінің әкімі

Тапсырма орындалды

Ауылдық округтегі Домбаев көшесінен ауыз су қоймасына барар жолға қиыршық тас төсеу үшін, 2026 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.

 

33.          

Ескі ауыз су қоймасы аумағындағы ой шұңқырларды көміп, тегістеу жұмыстарын жүргізсін

25.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

  Р.Еспенбетов

Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

           Ақжарма ауылдық

округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Ескі ауыз су қоймасы аумағындағы ой шұқырларды көміп тегістеу үшін «Ақжарма-2» шаруа қожалығының техникаларын пайдалану үшін шаруашылық төрағасымен келісім жасалды. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты күн жылыған уақытта жұмыстар атқарылатын болады.

                                                                                                Қалжан Ахун ауылы

34.          

«Бостандық» каналын тазарту бойынша жоба әзірлеп, ұсыныс енгізсін

 

 

02.02.2026ж

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

«Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

 «Сырдариясушар» өндірістік учаскесі тарапынан ЖСҚ жасалған, 2027 жылы қаржыландырылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге, елді мекендегі «Нұрбек» шаруа қожалығы көктемгі егін егу науқаны басталғанға дейін аталған каналды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуге демеушілік жасайды

35.          

«Бостандық» каналынан М.Әуезов көшесіне өтетін көпірді ауыстыру бойынша ұсыныс енгізсін

30.01.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

«Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

«Сырдариясушар» өндірістік учаскесі тарапынан «Бостандық» каналын тазартуға  ЖСҚ жасалған. Аталған жобада  М.Әуезов көшесіне өтетін көпірді ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Жоба қаржыландырылған жағдайда толық ауыстырылатын болады

36.          

«Қызылорда-Жалағаш» автожолының Қалжан ахун ауылының Қабылкөл көшесі тұсына   жол белгісін орнату жұмыстарын жүргізсін

 

 

 

 

03.02.2026ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

            Полиция бөлімі

 Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

Тапсырма орындалды

«Қызылорда-Жалағаш» автожолының Қалжан ахун ауылының Қабылкөл көшесі және Қалжан Ахун ауылы елді мекені паспорты тұсына «Жаяу жүргіншілер» жол белгісі мен жолақтары орнатылды

 

 

 

37.          

Жұмысшы тобымен бірге барлық елді мекендегі дәрігерлік амбулаториялардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуына бақылау жасап, уақытылы үлестірілуін қамтамасыз етсін

15.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Аудандық аурухана

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

Қалжан ахун фельдшерлік-акушерлік пунктінде диспансерлік есепте тұратын науқастар тізімі алынып, дәрігер тағайындамасымен көрсеткішіне қарай ҚРДСМ 2021жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрығына сәйкес тегін дәрілік препараттар берілуде.

38.          

А.Иманов көшесі бойындағы 10 бағананың орнын ауыстыру жұмыстарын жүргізсін

30.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

           Р.Еспенбетов

«Қазақтелеком» Сырдария ауданы желілік техникалық участок бөлімшесі

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

«Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тарапынан «Қазақтелеком» АҚ Сырдария ауданы желілік теникалық участок бөлімшесіне 10 бағананың орнын ауыстыру жұмыстарын жүргізуге ықпал ету туралы 06.01.2026 жылы хат жолданды

39.          

«Қалжан ахун» мешіт медресесіне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жүргізсін

03.03.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

«Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2026 жылға арналған бюджетіне елді мекенге бейне бақылау камераларын сатып алуға 4 971 мың  теңге қаржы бөлінген.

40.          

Балалар ойын алаңына қажетті заттарды сатып алуға ұсынсын енгізсін

20.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

           Р.Еспенбетов

Қалжан Ахун ауылдық

округінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

Ауылдық округі әкімі аппаратының 2026 жылға арналған бюджетіне балалар ойын алаңына қажетті заттарды сатып алу үшін 7 780 мың теңгеге қаржы бөлуге аудандық экономика және қаржы бөліміне өтінім берілді.

                                                                                                 С.Сейфуллин ауылы

41.          

№137 орта мектебінің жылу қазандығын ауыстыру жобасын қаржыландыруға ұсынсын

10.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Д.Байдушев

Білім бөлімі

С.Сейфуллин ауылдық

округінің әкімі

 

 

Тұрақты бақылауда

С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебінің жылу қазандығын ауыстыруға 2026 жылға облыстық білім басқармасына 17.11.2025 жылы №01-18/735 санды хатымен:

2 тарау 2 тармағына сәйкес балалар ойын алаңына қажетті заттарды сатып алуға 2026 жылға облыстық білім басқармасына 02.12.2025 жылы №01-18/788 санды хатымен бюджеттік сұранымдар ұсынылды.

                                                                                               А.Тоқмағанбетов ауылы

42.          

Елді мекендегі ауыз су көру құдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізсін

30.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

             Р.Еспенбетов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

«Сыр суы» мекемесі

А.Тоқмағанбетов ауылдық

округінің әкімі

Мерзімі бар

Ағымдағы жылға 6 елді секеннің ауыс су құдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Оның ішінде А.Тоқмағанбетов ауылы да қарастырылған.

43.          

Барлық елді мекендегі кәсіп бастау үшін грант алған кәсіпкерлерге талдау жүргізіп, толық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін

30.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Мансап орталығы

Тапсырма орындалды

2025 жылы 129 адам қайтарымсыз грант алды. Грант алған азаматтардың келісімшарт міндеттемелерін орындауына 129 адамға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Грант алған 1 адам келісімшарт талаптарын  орындамауына байланысты сотқа берілді.

44.          

Елді мекендегі Ш.Ташимов, Қызылорақ және Бидайкөл көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге демеушілік арқылы жоба әзірлеп, ұсыныс енгізсін

 

20.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

           Р.Еспенбетов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі

Тұрақты бақылауда

Ш.Ташимов, Қызылорақ және Бидайкөл көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге демеушілік арқылы жоба әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылды.

                                                                                                      Тереңөзек кенті

45.          

Кенттегі тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу бойынша жоба әзірлеп, ұсыныс енгізсін

30.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Сыр суы» мекемесі

Тереңөзек кентінің әкімі

Мерзімі бар

Тереңөзек кентіндегі тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз су желілеріне қосуға қосымша жоба әзірлеу жұмыстарына сәйкес, бүгінгі таңда КБ «Мунай Газ Инжиниринг»  ЖШС-гі тарапынан  жоба әзірлеуге дайындық жұмыстары атқарылуда

46.          

Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді табиғи газге қосу жұмыстарын жүргізсін

30.04.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

«Тереңөзек газ тарату

мекемесі»

Тереңөзек кентінің әкімі

 

Мерзімі бар

Қазіргі таңда кент әкімі аппаратының теңгерімдегі мемлекеттік тұрғын үй қорына жататын 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді  

табиғи газға қосу үшін қажетті қаражат көлемін есептеліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде

47.          

Тереңөзек базары маңынан жабық базар салу бойынша ұсыныс енгізсін

30.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен

Тереңөзек кентінің әкімі

Тұрақты бақылауда.

Треңөзек кенті маңынан жабық базар салу бойынша жеке кәсіпкер М.Искаковқа
2025 жылдың 11 желтоқсан айында
№ 05-1/526-4 ұсыныс хатты жолданды.

48.          

 «Қалғандария» каналы арқылы «Жансымақ» көліне су жіберу жұмыстарын жүргізсін

20.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Т.Нұртазаев

«Сырдариясушар» өндірістік             учаскесі

Тереңөзек кентінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда.

Аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің мамандары бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде «Қалғандария» каналы арқылы «Жансымақ» көліне су жіберу көктемгі вегетациялық кезең басталғанға дейін жүргізілетін болады.

49.          

Қ.Бөдеев, Ғ.Мұратбаев көшелеріне балалар ойын алаңын салуға демеушілік арқылы жоба әзірлеп, ұсыныс енгізсін

20.02.2026ж

Аудан әкімінің орынбасары

   Р.Еспенбетов

Тереңөзек кентінің әкімі

 

Тұрақты бақылауда

Аталған көшелерге ойын алаңдарын орнатуға демеушілік есебінен ЖСҚ әзірленуде.

 

50.          

Ғ.Мұратбаев тұйығы көшесіне тегістеу жұмыстарын жүргізсін

20.12.2025ж

Аудан әкімінің орынбасары

Р.Еспенбетов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тереңөзек кентінің әкімі

Тапсырма орындалды

Ғ.Мұратбаев тұйығына тегістеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

 

Дата публикации
13 апреля 2026
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы