
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 6 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 55 қызмет түрін көрсетеді.
Сырдария ауданы бойынша 2026 жылдың І-тоқсанында 1385 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 29 (2,1%).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 21 (1,5%).
Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1335 (96,4%).
Аудан әкімі аппараты басшысының іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалып жатыр. 2026 жылдың І тоқсанында аудандық жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметі сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.