
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау және тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасарының жетекшілігімен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар іске асырылды.
Аталған бағытта аудан көлемінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен ашық пікір алаңдары ұйымдастырылып, Жолдауда көтерілген цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, экономиканы әртараптандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында аудан аумағында 10 билборд орнатылып, көрнекі үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылдың 15 наурызында өткен жаңа Конституцияға қатысты өзгерістерді түсіндіру және оның маңыздылығын халыққа жеткізу мақсатында да жүйелі шаралар атқарылды. Атап айтқанда, Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен насихаттау бағытында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылды. Осыған орай, аудан бойынша 18 билборд орнатылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары қамтамасыз етілді.
Жалпы қорытылай келе, аталған жұмыстар ел Президентінің стратегиялық бастамаларын халық арасында кеңінен түсіндіруге, қоғамда оң көзқарас қалыптастыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуына өз үлесін қосты.