
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» деп атап өтті. Сондықтан қоғам дерті болған сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді.
Осыған байланысты, Сырдария ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда: ағымдағы жылдың ақпан айында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ашықтығын арттыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын күшейту, мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормаларды сақтау деңгейін бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) қайта құрылып, (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 наурызда Комиссияның 1 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Комиссия отырысында аудан бойынша аурухана, білім, және ауыл әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, нәтижесімен нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 19 ақпанында Әкімдікке қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық оқыту өткізілді.
№ 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша 2026 жылға бекітілген жоспарға сәйкес Сырдария ауданы әкімі аппараты, Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімі, Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ағымдағы жылдың 01-30 сәуір аралығында ішкі талдау жүргізілетіндігі бекітіліп, жобалық картаға сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы бойынша Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды күшейту мақсатында Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес Сырдария ауданының әкімі Б. Сәрменбаевтың «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ОРТАҚ МІНДЕТ» тақырыпта ағымдағы жылғы наурыз айында жергілікті «Тіршілік тынысы» газетіне авторлық мақаласы жарияланды.
Бекітілген кестеге сәйкес Сырдария ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылдаған шаралар туралы авторлық мақалалары алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарына жарық көретін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 15 билборд, 1000 дана жадынама әзірленіп, мемлекеттік органдарда, әлеуметтік нысандарда халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастырылды.
Осы бағытта арнайы әзірленген бейнероликтер қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде таратылып, көрсетілді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге «1424» сенім телефоны орнатылса, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықпен бірге күресейік», «Пара берсең, жазаланасың!» тақырыбында ақпараттық материалдар көрнекі жерлерге ілінді.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жергілікті бюджеттен 2 млн 800 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесімен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды.
Бүгінгі күнге техникалық ерекшелікке сәйкес – 3 акция, 3 байқау, 2 дөңгелек үстел, 1 аудандық форум, 15 кездесу, 1 семинар кеңес алдағы уақытта өткізілетіні туралы кеңінен ақпараттандырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жобасы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде, 2026 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамау фактілері орын алған жоқ.
Сонымен қатар, Әкімдікте және барлық елді мекендерде халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық кабинеттер» ашылып, халыққа үздіксіз қызметтер көрсетілуде.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тиісті шаралар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және жергілікті атқарушы орган саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.