Лого проект

Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді үеұ дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын хабарлаймыз!

«ҮЕҰ дерекқор базасына» есептік ақпарат ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурстарға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Сонымен қатар, ҮЕҰ Дерекқорында тіркелу ұйымдарға үздік жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі ақпаратты ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
«ҮЕҰ дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі esep.govtec.kz жаңа цифрлық платформасында жұмысын жалғастыруда.
Жаңартылған платформа бойынша әдістемелік нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://esep.govtec.kz/video.mp4

2026 жылы еліміздің үкіметтік емес ұйымдары 2025 жылғы қызметі бойынша есепті жаңартылған esep.govtec.kz платформасы арқылы ұсынатын болады.

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
ХАБАРЛАМА!
22 октября 2026
Сырдария ауданы «Айнұр» сауда үйінде Republic Day республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шаралар өтті
21 октября 2026
Көрнекі ақпараттарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы