
Сырдария ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламасына қалдықтарды басқарудың бүкіл жүйесін жаңғыртуды талап ететін іс-шаралар жоспары енгізілген. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – қалдықтарды полигонға жинау, уақытша сақтау, тасымалдау операцияларының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту, қайталама ресурстарды бөлумен сұрыптау, қалдықтардың пайдалануға жарамсыз бөлігін көмуге орналастыру болып табылады. Сұрыптау кезінде таңдалған қайталама ресурстар (пластик, картон, қағаз, шыны) өндірістік кәсіпорындарға материалдық ресурстар ретінде беріледі.
Қалдықтарды басқару бағдарламасы қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы туралы жалпы мәліметтерді, Сырдария ауданының қалдықтарды басқарудың ағымдағы жай-күйін талдауды, коммуналдық қалдықтарды өңдеуді және сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпорындар туралы мәліметтерді қамтиды. Түзілген қалдықтардың сандық сипаттамаларының есебі, қалдықтарды қайта өңдеудің қолданылатын әдістері, қалдықтарды сақтау орындарының санитарлық-қорғау аймағының негіздемесі, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұсынымдар, қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары келтірілген.
Осыған орай, «Сырдария ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын» әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,0 млн.теңге бөлінді. 2024 жылдың мамыр айында мүдделі мекемелерден келісім алынып, Сырдария ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдесіндегі № 130 шешімімен бағдарлама бекітілді.
Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер саны: 702 дана. Оның 600 контейнері Тереңөзек кентінде, аудан бойынша 20 дана ТҚҚ сұрыптауға арналған контейнер, аудан орталығында 25 дана темір қоршауымен қоса көпқабатты тұрғын үй аулаларына арналған контейнерлер орнатылған.
Сырдария ауданы бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен оның ішінде Тереңөзек кентінде қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметімен «Тереңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны. Қызмет көрсетуші Техникалар саны – 3 дана (1 жүк көлігі, 1 арнайы қоқыс тасымалдаушы, 1 трактор).
Тереңөзек кентінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигон нысаны 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беріліп, бүгінгі таңда тасымалдаушы мекеме арқылы тиісті жұмыстары атқарылуда. Қалдықтарды басқарудың негізгі компоненттері ақпараттық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару әдістері болып табылады. 2024-2028 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, көлемдерін және қауіпті қасиеттерін азайту қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.