
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткенді саралап, жаңа бағытқа бетбұрыс жасайтын мереке. Өткен жыл Сыр елі үшін табысқа толы болды. Президентіміздің және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен облыста ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жылан жылын Сырдария ауданы жарқын жетістіктермен қорытындылады. Ауданның бюджеті өсіп, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Аудандағы барлық игілікті істер халықтың бірлігімен, ынтымағымен атқарылуда. Бұл жұмыстар жалғасын таба береді.
Қадірлі ағайын!
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген жақсы сөз бар. Біз Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, жақсы ниетпен қарсы аламыз. 2026 Жылқы жылы жағымды жаңалықтарға, қуанышты сәттерге толы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!